Ақпарат:

21 ақпан 2025 100

Технологиялар, инновациялар, көшбасшылық: Сәтбаев университетінің инженерлері әлемді өзгертуде

Технологиялар, инновациялар, көшбасшылық: Сәтбаев университетінің инженерлері әлемді өзгертуде

Сәтбаев университетінің сарапшылары жыл сайын өтетін Women in Business 2025 форумына қатысты. Бұл форум ірі компаниялардағы топ-менеджерлерді, көшбасшы әйелдер мен кәсіпкерлерді біріктіріп, экономикалық және ақпараттық қауіпсіздік, инновациялық даму және әйелдер кәсіпкерлігін қолдау мәселелерін талқылау алаңына айналды.

Сәтбаев университеті осы форумды ұйымдастырушылардың бірі ретінде бизнесте, технология мен ғылым саласында қызмет ететін әйелдерге қолдау көрсетті. Форумның «Болашақтың технологиялары мен дағдылары» атты панельдік сессиясы аясында университет проректоры Сапар Шалабаев сөз сөйлеп, STEM-білім беру, білім беруді цифрландыру және әзірлемелерді өндіріске енгізудегі шығармашылық дағдылардың маңыздылығын атап өтті.

– Әйелдер әзірлеген әртүрлі инновациялық шешімдер әлемді өзгертетініне біз сенімдіміз», – деді ол өз сөзінде. – Әйелдер кәсіпкерлігін, оларға техникалық білім беруді және ғылыми зерттеулерін қолдау үшін Сәтбаев университеті барлық жағдайды жасайды. 300-ден астам қатысушының басын қосқан Women in Tech форумы бірлескен бірнеше жобаларды іске қосты.

Сәтбаев университеті әйелдер әзірлеген стартаптарға қолдау көрсете отырып және сол үшін тәжірибе алмасу алаңдарын ұсына отырып, әйелдердің ғылым мен технология және бизнесте көшбасшы болуына қолайлы жағдай жасайды. Университетте зерттеуші әйелдер саны жыл сайын артып келеді, ал түлектер арасында табысты іскер әйелдер, инженерлер, әзірлеушілер мен стартаптардың негізін қалаған әйелдер жетіп артылады. Оларға жаңа мүмкіндіктер аша отырып, білім алу мен дамуға деген ұмтылыс жаңа цифрлық экономикада табысқа жетудің негізгі факторы екенін университет дәлелдеп отыр.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту