Теміржол атланттары: Сәтбаев Университеті Қазақстан мен Қытай арасында студенттер алмастыру жөнінде бауырластық орнатуда
Сәтбаев Университеті мен Сиань теміржол кәсіптік-техникалық институты онлайн кездесу өткізіп, өзара студенттер алмастыру бағдарламасына қатысатын студенттердің шетелдегі оқу тәжірибесі туралы әңгімелесуге, ал университеттерге оқу үлгерімі туралы есептесуге мүмкіндік жасады.
Кездесуге Сәтбаев Университетінің ректоры Мейрам Бегентаев, «Көлік инженериясы және логистика» мектебінің басшысы Сейдулла Абдуллаев, Сиань теміржол кәсіптік-техникалық институтының ректоры Чжао Чуньпин, сондай-ақ студенттер және осы бағдарламаның жұмысын қамтамасыз ететін жетекшілер мен оқытушылар қатысты.
Өздеріңізге белгілі, қазіргі уақытта әлемдегі ең жақсы теміржол Қытайда. Мұнда жалпы ұзындығы шамамен 42 мың км болатын жоғары жылдамдықты теміржолдың ең ұзын желісі бар және жылдамдықты 430 км/сағ-тан асыратын магниттік жастықшалы пойыздардың жоғары жылдамдықты желісі бар. Үздік болу үшін ең үздіктерден білім алып, үйрену керек, ал Сиань – бүкіл Қытайдағы үздік теміржол желісі орталықтарының бірі және ең ірі көліктік-логистикалық хаб болып табылады.
Сәтбаев Университеті Сиань теміржол кәсіптік-техникалық институтымен бірлесіп, теміржолшыларды даярлау жөніндегі жұмысы осыдан бір жыл бұрын басталған еді. Университеттер 2+2 форматындағы қос дипломдық бағдарлама мен машина жасау, көлік және логистика саласы бойынша академиялық алмасу бағдарламасын ашты. Ынтымақтастық қарым-қатынас басталғаннан үш айдан кейін университеттер көлік және логистика бойынша бірлескен Білім беру орталығын ашты. Университеттер бір-бірінің оқу кредиттерін есептеп, студенттер мен оқытушыларды өзара алмастырады. Қазір Қытайдан келген тоғыз студент Қазақстанда оқып жүр.
Ал қазақстандық он студент Сиань теміржол кәсіптік-техникалық институтында білім алып, қытай тілін, қытай мәдениетін және теміржол инженериясын меңгеруде. Студенттер үшін барлық жағдай жасалған және олардың қауіпсіздігі толық қамтамасыз етілген. Әр университеттің өкілдері студенттерді өз елінің мәдениетімен таныстыру үшін ауқымды бағдарлама ұйымдастырады. Студенттер осындай мүмкіндікке ие болғандары үшін өте қуанышты: олар екі диплом алып қана қоймай, бөтен елге де үйреніп жүр.
Бұл бағдарлама екі ел президенттерінің өзара ынтымақтастығы мен «Бір белдеу – бір жол» бастамасының арқасында мүмкін болып отыр, дәл осы бастама екі елге сауда және логистикалық жобалар бойынша бірлесіп жұмыс істеуге жол ашты.