31 шілде 2023 2403

The World Scout Jamboree слетінде үздік атанған скаутшыға Сәтбаев Университеті грант береді

The World Scout Jamboree слетінде үздік атанған скаутшыға Сәтбаев Университеті грант береді

Осы демалыс күндері 18 қазақстандық оқушы Дүниежүзілік скаут слеті – Джамбориге (The World Scout Jamboree) қатысу үшін Оңтүстік Кореяға аттанды. Сәтбаев Университетінің өкілдері скаутшыларды сапарға шығарып салды және осы мәртебелі іс-шарада өзін жақсы жағынан көрсете алатын скаутшыны дайындау үшін грант бөлді.

The World Scout Jamboree – дүниежүзілік скаутшылар жиыны, ол әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған скаутшылар үшін төрт жылда бір рет өткізіледі. Бұл әлемдік скауттық қозғалыстағы ең үлкен және маңызды оқиғалардың бірі. Оған әдетте 14 пен 17 жас аралығындағы бірнеше ондаған мың скаутшылар қатысады. Аталмыш іс-шара соңғы рет 2019 жылы АҚШ-та өткен болатын, ал биыл Оңтүстік Кореяда өтіп, онда 150 елдің жастары бас қосады. Слеттің ең басты мақсаты – табиғатты қорғап, оған қамқорлық жасауды үйрену, табиғатта өмір сүруге бейімделу және әлемнің түкпір-түкпірінен келген адамдармен танысу.

Қазақстан скаутшылары Дүниежүзілік скаутшылар қозғалысы ұйымына 2008 жылдан бері қатысып келеді. Бүгінгі таңда қазақстандық скаутшылар бағдарламасы «Ұлы дала скаутшылары» деп аталады және ол 11 мен 17 жас аралығындағы балаларға арналған. Қазақстандық скаутшылар қозғалысының мақсаты – жасөспірім балалардың бойында ұлттық құндылықтарға негізделген мінез қалыптастыру, туған жерін сүюге баулу, оған пайда келтіруге үйрететін ұрпақ тәрбиелеу. Дүниежүзілік скаутшылар жиыны балаларға жаһандық мәселелер бойынша пікір алмасуға, өз елінің белсенді азаматы болуға және әр елдің мәдениеттерін түсінуге ықпал ете отырып, әлемнің түкпір-түкпірінен келген скаутшылармен қарым-қатынас жасау арқылы тұрақты даму туралы түсініктерін кеңейтуге мүмкіндік береді.

The World Scout Jamboree слетінде үздік атанған скаутшыға Сәтбаев Университеті грант береді

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту