Тіркеуші кеңсе семинары
2017 жылы 28–29 қыркүйек күндері Қ. И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ «Назарбаев Университетімен» бірлесе отырып, Алматыда тұңғыш рет Тіркеу кеңсесінің семинарын өткізді.
Семинар Тіркеуші кеңсе көрсететін қызметтің сапасын арттыруға, ондағы бизнес-процестерді оңтайландыру мен автоматтандыруға арналған. Семинар өткізу мақсаттарының бірі – кеңсе қызметкерлерінің тәжірибе алмасуы және байланысы үшін оларға ортақ алаң құру болды, өйткені олар бұрын мәселелерін әрқайсы жеке-жеке шешетін еді.
Семинардың ашылу салтанатында «Назарбаев Университетінің» президенті Шигео Катсу, тіркеуші Ребекка Картер және ҚазҰТЗУ-дың академиялық жұмыстар жөніндегі проректоры Ринат Искаков құттықтау сөз сөйлеп, семинар жұмысына сәттілік тіледі.
– Тіркеуші кеңсенің қызметін жетілдіру – кез келген университеттің жұмысын жақсартады, өйткені оның қызметі білім беру процесі мен барлық академиялық мәселелерді тұтастай қамтиды. Бұл департаменттің қызметі ХХІ ғасыр стандарттарына сай болып, одан әрі жандана түсуі үшін Қ. И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ басшылығы тарапынан қолдау көрсетіліп, барлық мүмкіндіктер жасалады. Қазіргі заманғы Тіркеуші кеңсенің міндеті – университеттің толық әлеуметтік байланысына мүмкіндік жасау. Бұл өз кезегінде ақпаратты өңдеудің жаңа әдістерін қолдануды талап етеді, сол арқылы оқытушылар мен студенттерге сабақ барысында қажетті қолдау көрсетуге көмектеседі, – деді Ринат Искаков.
Семинарға Қазақстанның 5 облысынан 40 университеттің өкілдерінен құралған 150-ден аса қонақтар мен университет проректорлары қатысты. Семинар аясында ұйымдастырушы оқу орындары басшыларының қатысуымен сессиялар, ұсыныс шаралары және оларды талқылауға арналған сессиялар өтті. Сондай-ақ студенттерге арналған Banner Ellucian атты анықтамалар жүйесі, Тіркеуші кеңсенің жаңа концепциялары тыңдаушылар назарына ұсынылып, оған қатысушылар өз тәжірибелерімен бөлісті және жаңа жұмыс әдісінің мәселелерін талқылады.