Ақпарат:

9 қазан 2024 1770

ТМД Мемлекетаралық Геодезия және картография кеңесінің қатысушылары Сәтбаев Университетіне келді

ТМД Мемлекетаралық Геодезия және картография кеңесінің қатысушылары Сәтбаев Университетіне келді

Қазақстанда өтіп жатқан ТМД-ға мүше мемлекеттердің Геодезия, картография, кадастр және жерді қашықтықтан зондтау жөніндегі мемлекетаралық кеңесінің 36-шы отырысы аясында кеңес мүшелері Сәтбаев Университетінде болды. Геодезиялық және әскери-топографиялық қызмет басшыларын Тау-кен металлургия институтының директоры Қанай Рысбеков салтанатты түрде қарсы алып, Ғылым және корпоративтік даму жөніндегі проректор Ержан Көлдеев құттықтау сөз сөйледі.

Сапар бағдарламасы университетке құрметпен есімі берілген ғалым Қаныш Сәтбаевтың ескерткішіне гүл шоқтарын қоюдан басталды. Делегация мүшелері студенттер қалашығымен танысты, Геологиялық мұражайды аралады және Сәтбаев Университетінің Қазақстан Республикасының геоидтық моделін әзірлеуге арналған ғылыми жұмысы туралы баяндаманы – яғни координаттар мен биіктіктердің біртұтас мемлекеттік жүйесін құру туралы ең маңызды жобаны тыңдады.

Одан кейін қонақтар Тау-кен металлургия институтының ғимаратына келіп, Ұ. Сыдықов атындағы орталық пен Инженерлік орталықтың зертханасын аралады. Делегаттар сондай-ақ қазақтың әйгілі вокалды-аспаптық «Дос-Мұқасан» ансамблінің фотогалереясын тамашалады.

Мемлекетаралық кеңес ТМД мемлекеттерінің геодезия, картография, кадастр және Жерді қашықтықтан зондтау саласындағы өзара іс-әрекеті туралы келісімді жүзеге асыру мақсатында құрылған. Кеңес геодезиялық қызметтердің өзара ынтымақтастық қарым-қатынасын дамытуға, бірлескен жұмыстарды үйлестіруге, тәжірибемен және бағыттарымен алмасуға, мемлекеттердегі осы саланың жай-күйін және олардың даму перспективаларын хабардар етуге ықпал етеді. Кеңес отырыстары 30 жылдан астам уақыт бойы өткізіліп келеді, ал 2024 жылы Кеңеске Қазақстан Республикасы төрағалық етуде.

Кеңес мүшелерінің университетке келген сапары геодезия, картография және Жерді қашықтықтан зондтау саласында халықаралық ынтымақтастықты нығайтатын маңызды қадам болмақ, әрі Сәтбаев Университетінің осы саладағы ғылыми және білім беру әлеуетін баршаға көрсетті.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту