9 маусым 2021 10843

TOEFL ITP тестіне тіркелу ашық

TOEFL ITP тестіне тіркелу ашық

Сәтбаев Университеті ETS Global компаниясының ресми тіркелген өкілі UCOK TOEFL TOEFL ITP, TOEIC® тестілерін өткізу орталығымен бірге TOEFL ITP тестіне тіркелудің басталғанын хабарлайды. Орындар шектеулі.

TOEFL ITP тестін кімдер тапсыру керек:

  • Магистратура және Докторантураға түсушілер;
  • Орта мектептер мен колледж оқытушылары;
  • Компания қызметкерлері, студенттер мен оқушылар;
  • «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқуға түсетін талапкерлер мен тағылымдама алушылар.

Тестілеу нысаны, бағасы, мерзімі, мекенжайы:

1. Компьютерге негызделген формат (digital) - 40 000 теңге;
07.07.2021 ж.; 08.07.2021 ж.; 14.07.2021 ж.; 16.07.2021 ж.;
Мекенжайы: Алматы қаласы, АБАЙ даңғылы, 52 Б, Прогресс-строй бизнес орталығы, кеңсе-602.

2. Қағаз жүзіндегі формат (paper-based) 45 000 теңге;
10.07.21 ж.;
Мекенжайы: Алматы қаласы, Сәтбаев көшесі 22, Satbayev University, басты оқу ғимараты, 345.

TOEFL ITP тестін тапсырудың төлемі қалай жүргізіледі?

Сіз  мұнда тіркеліп, тесттің төлемін жүргізе аласыз;

TOEFL ITP тестін тапсыру үшін қандай құжаттар керек?

ucok.org.kz сайтында тіркелгеннен кейін, Сіздің тіркелу барысында көрсеткен электронды поштаңызға ағылшын тілінде тест өту барысының толық сипаттамасы, тапсырушыға қойылатын талаптар және қажетті құжаттар, сондай-ақ өтетін мерзімі мен орнына қатысты ақпарат жіберіледі.

TOEFL ITP тесті академиялық мәнмәтін шеңберінде шет тілі машықтарын бағалаудың әлемдік стандарты болып саналады. Үйренушілердің үлгерімін бағалау мақсатында оқу мекемелері TOEFL ITP-дің «қағаз жүзіндегі» (paper-based), сондай-ақ «компьютерге негізделген» (digital) нысанын қолданады. Қазіргі таңда TOEFL ITP тек үш бөлімнен тұрады, яғни студентке «Speaking» (Айтылым) бөлімін тапсырудың қажеттілігі жоқ.

TOEFL ITP тестін тапсыру тәртібі туралы толық ақпарат.

 

Егер Сіздің TOEFL ITP тестіне тіркелу және тапсыру жөнінде сұрақтарыңыз болса хабарласыңыздар:

Тұрлыбекова Анар
тел. +7 775 772 53 41, a.o.turlybekova@satbayev.university.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту