«TRADITIONAL START-UP VS. LEANSTART-UP» дәрісі
Қ. И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-дың қызметкерлері мен білім алушыларына арнап Коммерциялау кеңсесі өткізген «Traditionalstart-upvs. Leanstart-up» дәріс барысында оған қатысушылар әрбір стартап негізіне тереңірек үңіліп, олардың үдерісімен, құлдырауының негізгі себептерімен, өте қысқа мерзімге ғана төзімді өнімдерімен, бизнестік жоспарларымен танысты. Дәріс соңында тыңдаушыларға осы шараға қатысқандары жөніндегі сертификаттар тапсырылды.
Қатысқандар дәрістің өте жоғары деңгейде өткенін мәлімдеп: «Қазіргі заманға сай өзекті, әрі жан-жақты, келтірілген мысалдар мен әдістер арқылы біліміміз одан әрі шыңдала түсті, дәріс өте қызықты өтті!» – деген сықылды ой-пікірлер білдірді.
Қ. И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-дың Коммерциялау кеңсесі 2016 жылдың жазынан бастап жұмыс істейді. ҚазҰТЗУ-дың қызметкерлері мен білім алушылары арасында жүргізілген зерттеулік сауалнамаға сәйкес, олардың 47%-ы стартап бойынша білім алғысы келетіндерін білдірсе, 44%-ы бизнестік кіріспе курсын тыңдағысы келетіндерін білдірген. Осыған байланысты бірінші дәрісін жоғары деңгейде өткізген Коммерциялау кеңсесі мұндай дәрістерді алдағы уақытта да тұрақты түрде өткізіп тұруды жоспарлап отыр.
Коммерциялау кеңсесінің жұмысы туралы толық ақпаратты мына телефон арқылы білуге болады: +7 (727) 255 82 90, электрондық пошта: ok.kaznitu@gma
Коммерциялау кеңсесі