Ақпарат:

29 мамыр 2024 2937

Тұрақты даму мақсаттары үшін шет тілдерін оқытудың гибридті форматына көшу

Тұрақты даму мақсаттары үшін шет тілдерін  оқытудың гибридті форматына көшу

2024 жылдың 10 мамырында «Шет тілдері» кафедрасының аға оқытушысы Қалқаева Айжан Бітімбайқызы Цифрлы технологиялар және кәсіптік даму институты директорының орынбасары Ақанова Гүлдана Қайратқызымен бірге шет тілдерін үйренуге арналған бейне курстарды Polytechonline платформасында құру бойынша кіріспе мастер-класс өткізді. Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы ағылшын тілін гибридтік форматта оқытуды ұйымдастырудың мақсаттарымен, артықшылықтарымен және формаларымен таныстырылды (апта сайын 1 онлайн сабақ + 2 офлайн сабақ).

Кафедра қызметкерлерімен талқылау барысында шет тілдерін оқытудың гибридті форматына көшу алдыңғы қатарлы цифрлық технологияларды және мұғалім қатысуымен коммуникативті оқыту әдістерін қатар қолдану арқылы оларды меңгеру тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретіні атап өтілді.

Бұл бастама «Сапалы білім» атты №4 Тұрақты даму мақсатна сәйкес келеді, өйткені ол сапалы жоғары білімнің қолжетімділігін арттырады.

 

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту