15 қараша 2018 6066

Ұлттық теңгеміздің 25 жылдығына орай кездесу өтті

Ұлттық теңгеміздің 25 жылдығына орай кездесу өтті

Осы жылы қарашаның 14 күні Сәтбаев университетінде Ұлттық банктің бұрынғы басқарма төрағасы Қадыржан Қабдошұлы Дамитовпен кездесу өтті. Кездесуге Сәтбаев университетінің ректоры Е. Бейсембетов пен профессор-оқытушылар құрамы және студенттер қатысты.

Бұл іс-шара төл теңгеміздің 25 жылдығына арналды. Белгілі қаржыгер Ұлттық банк жұмысының кейбір ерекшеліктерімен таныстырып, Тәуелсіз Қазақстанның қаржы секторының тарихы туралы, рубльден теңгеге ауысу жолдары туралы қысқаша әңгімелеп, тыңдаушылардың сұрақтарына жауап берді.

Қадыржан Қабдошұлы Дамитов – экономист, Қазақстан Республикасының белгілі саяси қайраткері. Қазақстанның төл теңгеге ауысу жолында ерен еңбек еткен белгілі қайраткер. Әр жылдарда Ұлттық банк төрағасы, Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі қызметтерін атқарып, бірнеше банктің басқарма мүшесі болған. «Парасат» орденімен және «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

Ұлттық теңгеміздің 25 жылдығына орай кездесу өтті

Ұлттық теңгеміздің 25 жылдығына орай кездесу өтті

Ұлттық теңгеміздің 25 жылдығына орай кездесу өтті

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту