27 желтоқсан 2021 8192

Ұлы Қаныш туралы фильм экранға шықты

Ұлы Қаныш туралы фильм экранға шықты

Құрметті әріптестер, студенттер мен ұстаздар!

«Qazaqstan» телеарнасы алдағы күндері танымдық та тәрбиелік мәні зор «Қаныш. Қазына» телехикаясын ұсынады. Қазақ мәдениеті мен ғылымының даму кезеңдерінен сыр шертетін айтулы фильмде университетіміздің де өсу, өркендеу жолы әңгіме болады.

Телехикаяның негізгі сюжеттік желісі – қазақтың атақты геолог-ғалымы, инженер, минералогия ғылымдарының докторы, профессор, академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың өмірі мен еңбек жолына негізделген. Қазақ халқы мен Қазақстан тарихында академик Қаныш Сәтбаев жердің ішкі қыр-сырын түсіне білетін көріпкел ғана емес, сонымен қатар Сәтбаев Университетінің дамуына зор үлес қосқан көрнекті ғалым, геолог, ғылыми ұйымдастырушы, өз заманының ірі ойшылы және көшбасшысы бола білді.

Телехикаяда XX ғасырдағы қазақ жұртының әрқилы тағдыры, арманы, мақсат-мүддесі, мемлекеттік биіктерге, соның ішінде индустрияландыру ісін шетелдерден тәуелсіз етіп, өз жерімізде қарқынды жүргізуге және кен өндірісін игеруге қарай басқан қадамдары көрсетіледі. Қазақ даласындағы саяси қарым-қатынас, достық, сатқындық, мүдделер қақтығысы, қым-қуыт оқиғалар, ұлттық тұтастық – телехикаяның негізгі өзегі.

Фильмді «ARAY MEDIA GROUP» студиясы «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасының тапсырысы бойынша түсірген. Жоба продюсері Айгүл Байбек, режиссері Ерлан Нұрмұхамедов. Басты рольдерді сомдағандар: Әсет Есжан, Анна Оразбаева, Айдос Әуесбаев, Ақарыс Әшімқан, Андрей Марычев және т.б.

Телехикая Ұлттық арнада 27–29 желтоқсан күндері кешкі сағат 20.35-те  басталады.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту