6 мамыр 2020 4390

Ұлы Жеңіс күні мен Отан қорғаушылар күні құтты болсын!

Ұлы Жеңіс күні мен Отан қорғаушылар күні құтты болсын!
Rector Satbayev University Iskander Beysembetov

Қымбатты ардагерлер! Құрметті офицерлер, әріптестер, докторанттар, магистранттар, студенттер!

Сіздерді Ұлы Отан соғысының Жеңісі күнімен және Отан қорғаушылар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Біздің тарихымызда бұл екі мереке өзара тығыз байланысты, әрі жүрегімізден ерекше орын алады. Халқымыздың батылдығы мен табанды ерік-жігері әлем тарихындағы ең қорқынышты сұрапыл соғыстан жеңіп шығуға көмектесті. Ата-бабаларымыздың төзімділігі арқасында еліміз тәуелсіздікке қол жеткізді.

Бүгін біз сол сұрапыл соғыстың сабақтарын ескере отырып, аты аңызға айналған Политехтың Ұлы Жеңіске үлес қосқан оқытушылары мен студенттерінің ерліктерін еске аламыз. Олардың көрсеткен үлгісі  бізге пандемияны да, әрі дағдарыс кезіндегі кез келген қиындықты да жеңуге көмектеседі деп сенемін.

Ардагерлерге денсаулық пен аманшылық, әскери қызметкерлерге – еліміздің қорғаныс қабілетін нығайтуда одан әрі табыстар, ал студенттерге – әкелеріміз бен аталарымыздың абыройлы даңқын лайықты түрде жалғастырушылар болуларына тілектеспін. Баршаңызға ұзақ ғұмыр, көтеріңкі көңіл-күй, ашық аспан тілеймінІ Жеңіс күні құтты болсын!

Игі құрметпен,
Сәтбаев университетінің Ректоры
Искандер Бейсембетов

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту