22 мамыр 2024 2080

Университет қабырғасында «Тұлға, тіл және қоғам: тілтанымдық және әлеуметтік лингвистикалық ізденістер» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті

Университет қабырғасында  «Тұлға, тіл және қоғам: тілтанымдық және әлеуметтік лингвистикалық ізденістер» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті

Қ. Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толуына орай ҚР ҒЖБМ ҒК А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты мен Жобаларды басқару институтының Қазақ және орыс тілдері кафедрасымен бірлескен «Тұлға, тіл және қоғам: тілтанымдық және әлеуметтік лингвистикалық ізденістер» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Аталған іс-шараға республикамыздың белгілі ғалымдары, қоғам қайраткерлері, ғылыми қауым өкілдері және жоғары оқу орындарының оқытушылары мен БАҚ, тіл басқармасы қызметкерлері қатысып, офлайн және онлайн форматта жүргізілді.

Конференцияның мақсаты – академик Қ. Сәтбаевтың тілдік тұлғасын дәріптей отырып, кейінгі жылдардағы қазақ тілінің қоғам өмірі салаларындағы қолданыс сапасын, қоғамдық мәні мен қызметіндегі негізгі өзгерістерді, тіл дамытудағы саналы басқару мен реттеудің маңыздылығын көрсету.

Конференцияның бірінші бөлігінде ғалымның тілдік тұлғасы ұлттық таным тұрғысынан қаралып, ғалымның Қазақстан гуманитарлық ғылымдарға қосқан үлесі сөз етілді.

Айта кетейік, баяндамаларда  қоғамдағы болып жатқан қазіргі тілдік үдерістер, қостілділік, қазақ тілінің қалалануы (урбандалуы), тілдердің алмасуы және араласуы сынды өзекті әлеуметтік лингвистика мәселелері тыңдалып, ұсыныстар жасалды. 

Университет қабырғасында  «Тұлға, тіл және қоғам: тілтанымдық және әлеуметтік лингвистикалық ізденістер» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті

Университет қабырғасында  «Тұлға, тіл және қоғам: тілтанымдық және әлеуметтік лингвистикалық ізденістер» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту