28 наурыз 2017 8583

Университеттік интернет-сайттардың дүниежүзілік рейтингісі жарияланды

Университеттік интернет-сайттардың дүниежүзілік рейтингісі жарияланды

Университеттік интернет-сайттардың 2017 жылғы дүниежүзілік Ranking Web of Universities (Webometrics) рейтингісінде Қ. И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ қазақстандық рейтинг бойынша – 3-орынды, ал дүние жүзі бойынша – 3461-орынды иеленді.

Ranking Web of Universities – бұл дүниежүзілік университеттердің рейтингтік жүйесі, ол веб-сайттың көлемін (материалдың бет сандары мен атауларын) есепке ала отырып құрастырылған көрсеткіштерге, сол сияқты жарияланымдарға жазылған сыртқы түсініктеме-ойлар санына негізделген. Рейтингті Мадрид қаласында орналасқан испан Ұлттық зерттеу кеңесінің (CSIC) зерттеу тобы Cybermetrics Lab бетінде жариялайды.

Рейтинг мақсаты – академиялар мен ғылыми-зерттеу институттарының Интернет желісіне жиі-жиі шығып тұру жағдайын жақсарту және ғылыми зерттеулер нәтижесін ашық түрде жариялап тұруға атсалысу. Бұл рейтинг 2004 жылдан бері жарияланып келеді және әр жылдың қаңтар мен шілде айларында жаңартылып отырады. Бүгінгі таңда дүние жүзі бойынша 12 000 университеттің веб-көрсеткіштерін қамтамасыз етеді.   

Ақпарат көзі: webometrics.info
Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту