Ақпарат:

14 тамыз 2020 3090

Университеттің 2020 жылғы 17 тамыздан бастап жұмыс кестесі туралы Ректор хабарламасы

Университеттің 2020 жылғы 17 тамыздан бастап  жұмыс кестесі туралы  Ректор хабарламасы

Ректор Satbayev University Искандер Бейсембетов

Құрметті қызметкерлер мен студенттер!

COVID-19 індетінің таралуына қарсы жүргізілген шаралардың нәтижесін одан әрі тиімдірек ету мақсатында Сәтбаев университеті 17 тамыздан бастап келесі тәртіп бойынша жеңілдетілген жұмыс кестесіне ауысады:

1. Профессорлы-оқытушылар құрамы, студенттер, зейнеткерлер мен  жасы 65-тен жоғары қызметкерлер қашықтықтан жұмыс істеуді одан әрі жалғастырады; 

2. Қабылдау комиссиясы мен Тіркеуші кеңсе үшін дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00 – 17.00 аралығындағы жұмыс кестесі белгіленеді;

3. Қызметкерлерді басқару департаменті, Әкімшілік департаменті, Маркетинг және коммуникация департаменті, Студенттік мәселелер жөніндегі департамент, Ақпараттық жүйелер департаменті мен Ғылыми және перспективалық зерттеулер кеңсесі үшін өзгермелі жұмыс кестесі белгіленеді, яғни жұмыс орнында қызметкерлердің 80%-ы ғана болып, олар санитарлық нормалар мен арақашықтықты сақтаулары тиіс;

4. Қаржы және есеп департаменті, Мемлекеттік сатып алулар басқармасы мен Корпоративтік даму департаменті үшін де өзгермелі жұмыс кестесі белгіленеді, бұған корпоративтік даму жөніндегі Проректор Б.З. Бармағамбетов пен Қаржы директоры Д.А. Софиев бақылау жасайтын болады;

5. Инфрақұрылымды басқару департаменті мен Жедел қызмет орталығы Ректор аппаратының Басшысы Б.Х. Мұхтыбаев бекіткен режим бойынша жұмыс істейтін болады. 

Сырттан келушілер үшін университетке кіру шектеледі.

Сіздерге және жақындарыңызға зор денсаулық тілеймін!

Игі құрметпен,
Сәтбаев университетінің Ректоры
Искандер Бейсембетов

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту