Ақпарат:

26 наурыз 2021 3580

Университеттің 2021 жылғы 29 наурыздан бастап жұмыс тәртібі туралы ақпарат

Университеттің 2021 жылғы 29 наурыздан бастап жұмыс тәртібі туралы ақпарат

Құрметті Сәтбаев Университетінің қызметкерлері!

Алматы қаласында COVID-19 індетінің таралуы жағдайына қарсы карантиндік іс-шараларды күшейтуге байланысты Сәтбаев Университеті  2021 жылғы 29 наурыздан бастап  жұмыс тәртібі туралы хабарлайды: 

1. Қызметкерлердің 80% үшін қашықтықтан жұмыс жасау режимі төмендегі ережелермен қоса қатаң түрде сақталады:

  • профессорлы-оқытушылар құрамы – 90% қашықтықтан;
  • басқа қызметкерлер – 65-70% қашықтықтан, (институт директорларынан, кафедра меңгерушілері мен бөлімше бастықтарынан басқалары) лауазымды тұлғаның бекіткен кестесіне сәйкес жұмыс істейді.

2. Жұмыс орнында отырған қызметкерлер үшін жұмыс уақыты сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін белгіленсін (түскі үзіліс – 13.00–14.00).

3. Институттардың директорлары, басқа да құрылымдық бөлімшелердің басшылары өз лауазымдарына сәйкес институттардың/бөлімшелердің оффлайн режимінде жұмыс істейтін қызметкерлері үшін мүмкіндігінше қысқартылған жұмыс күнін, яғни 6 сағаттық жұмыс күнін (икемді кесте бойынша, басшыларды қоспағанда) белгілесін.

Университет аумағында жүрген барлық қызметкерлер бетпердені дұрыс киюді қатаң түрде қамтамасыз етуі керек (бетперде аузы мен мұрнын жауып тұруы керек), сонымен қатар университет аумағында барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң түрде сақтауы тиіс!

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту