Ақпарат:

23 сәуір 2026 589
4 7

University of Lorraine мен Сәтбаев университетінің қос дипломды бағдарламасы «Мирный» ЖЭС үшін мамандар даярлайды

University of Lorraine мен Сәтбаев университетінің қос дипломды бағдарламасы «Мирный» ЖЭС үшін мамандар даярлайды

Қазақстан мен Франция университеттері арасындағы қос дипломды білім беру бағдарламасын іске қосу аясында Францияның Қазақстандағы Елшілігінің, University of Lorraine және Total Energies Renewable Kazakhstan компаниясының делегациялары Сәтбаев университетіне келді.

Франция Елшілігі тарапынан жоғары білім беру мәселелері жөніндегі атташе Грета Комур-Тилуа мен халықаралық сарапшы Аньес Буссе келді. Лотарингия университеті делегациясын вице-президент Сесиль Нувель басқарып келді, ал Total Energies Renewable Kazakhstan компаниясы атынан инженерлік бағыттың жетекшісі Фуркат Хамрамкулов қатысты.

Сәтбаев университеті тарапынан Әкімшілік, әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректор Сапар Шалабаев, академиялық даму жөніндегі вице-провост Жұлдыз Қалпеева, сондай-ақ университеттің бейінді институттары мен департаменттерінің өкілдері қатысты.

Бұл сапар Total Energies Renewable Kazakhstan компаниясы қаржыландырып отырған екі жетекші университеттің қос дипломды білім беру бағдарламасын әзірлеудің қорытынды кезеңі болды. Бұған дейін қол қойылған келісім аясында Сәтбаев университеті TotalEnergies тапсырысы бойынша жыл сайын 14 студентті оқытуды бастайды: студенттер алғашқы 3 жылды Алматыда, ал 4-курсты Францияның Метц қаласында орналасқан Лотарингия университеті кампусында оқып, TotalEnergies компаниясының энергетикалық кәсіпорындарында өндірістік тәжірибеден өтеді.

Оқуды аяқтағаннан кейін инженерлер Қазақстандағы ең ірі жел электр станциясы – «Мирный» ЖЭС-інің жел генераторлары бойынша қызмет ету үшін Total Energies Renewable Kazakhstan компаниясына жұмысқа орналастырылады. Бұл станция шамамен 1 миллион қазақстандықтың, соның ішінде шалғай ауылдарда тұратын тұрғындардың да энергетикалық қажеттіліктерін қамтамасыз етуге қауқарлы болып отыр.

Іс-шараның негізгі сәті – «Power Engineering» бағыты бойынша қос диплом бағдарламасын іске қосу туралы өзара түсіністік жөніндегі меморандумға қол қою рәсімі болды. Құжатқа қол қою академиялық алмасу, мамандар даярлау және бірлескен бастамаларды жүзеге асыру үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.

University of Lorraine мен Сәтбаев университетінің қос дипломды бағдарламасы «Мирный» ЖЭС үшін мамандар даярлайды

Бұл материал Satbayev University-дің БҰҰ Тұрақты даму мақсаттарына (UN 2030 Agenda for Sustainable Development) қосқан үлесі аясында дайындалды:
Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту