University of Miskolc (Венгрия) университетінде оқуға өтініштерді қабылдау басталды
Халықаралық ынтымақтастық бөлімі «Мұнай-газ ісі», «Гидрогеология және инженерлік геология» мамандықтарының 1-курс магистранттарына арналған Erasmus + шәкіртақылық бағдарламасының аясында University of Miskolc (Венгрия) университетінде 2019–2020 оқу жылының күзгі семестрінде «Студенттерге арналған ұтқырлық» бағдарламасы бойынша оқуға конкурс жариялайды.
Қатысушыларға қойылатын талаптар:
- жақсы оқу үлгерімі (GPA 3.5 және одан жоғары);
- ағылшын тілін IELTS деңгейінді жетік білу (міндетті).
Оқу ұзақтығы, мерзімі және шарттары:
- 1-семестр (2019–2020 оқу жылының қыркүйек-қаңтар айлары);
- оқыту тілі: ағылшын тілі;
- ай сайынғы стипендия: 800 евро
- жол шығыны: 820 евро.
Қажетті құжаттар:
- ағылшын тіліндегі түйіндеме;
- конкурсқа қатысуға арналған хат (ағылшын тілінде);
- ағылшын және орыс тілдеріндегі транскрипт;
- Ағылшын тілі деңгейін көрсететін сертификат (IELTS);
- паспорт көшірмесі;
- келесі (күзгі) семестрге орыс және ағылшын тілдеріндегі жеке оқу жоспары, орыс және ағылшын тілдеріндегі оқу материалдарына арналған пәндердің мазмұны;
- үй және ұялы телефон, электрондық пошта;
- Жеке куәліктің көшірмесі.
Барлық құжаттар қағаз түрінде ұсынылуы тиіс. Құжаттарды тапсыру мерзімі: 2019 жылғы 15 сәуір. Барлық сұрақтар бойынша 10.00-ден 11.00-ге дейін Халықаралық ынтымақтастық департаментіне хабарласыңыз (НК, 903-офис).