«Ұрпақтар сабақтастығы: сәулеттік шеберлік кезеңдері» көрмесі өтті
2019 ж. 08 қарашада Бас оқу ғимаратында М. М. Меңдіқұлов пен Т. К. Бәсеновтың туғанына 110 жыл толуына арналған «Ұрпақтар сабақтастығы: сәулеттік шеберлік кезеңдері» атты көрме салтанатты түрде ашылды.
Вернисаж бүкіл Қазақстаннан көптеген қонақтарды жинады: көрмеге қатысушылар, қонақтар, тәжірибелі сәулетшілер, сәулет жоғары оқу орындарының оқытушылары, магистранттар мен докторанттар. Барлық қонақтар алдында көрменің ұйымдастырушысы және оның тұжырымдамасын идеялық шабыттандырушы, Сәулет және құрылыс институтының директоры, профессор, Халықаралық сәулет академиясының академигі Болат Урайханович Құспанғалиев сөз сөйледі.:
«Көрменің басты идеясы – аға ұрпақты еске алып, мұраларының алдында тағзым ету және кәсіптегі сабақтастықты көрсету, М. М. Меңдіқұлов пен Т. Қ. Бәсенов сәтті көрсеткен қазақстандық сәулет өнерінің бастауларын ғана емес, сонымен қатар қазіргі заманғы сәулетшілердің шығармашылық сабақтастығын олардың ұлы ізбасарларының жетістіктері арқылы көрсету. Бұл адамдардың қазақстандық сәулет өнерінің дамуына қосқан үлесін бағалау өте қиын. Олар ХХ ғасырдың екінші жартысында таланты өркендеген Қазақстанның шығармашылық интеллигенциясының көрнекті өкілдерінің тобына кіріп, Алматы мен басқа қалалардың сәулеттік келбетін салу және түбегейлі жаңарту арқылы жүзеге асырылған сәулет шеберлерінің қатарында болды. Олар туралы естелік, әрине, жүз жылдықтар бойы сақталады».
Экспозиция қаламдары әбден ұшталған хас шеберлер мен өнерге енді ғана аяқ басып келе жатқан студенттердің жұмыстарын тамашалауға, сол арқылы өнердегі ұрпақтар сабақтастығының арасында салынған «көпірді» көруге мүмкіндік береді. Көрменің жалғасы ретінде Ашық есік күндері өтеді, болашақ студенттер мен олардың ата-аналары Қ. И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ қабырғасында Қазақстанның ұлттық сәулет мектебімен таныса алады.