Венгрияның Алматыдағы Бас консулы Сәтбаев Университетіне келді
Венгрияны Алматы қаласындағы Бас консулы Ференц Блауманн Сәтбаев Университетіне келіп, университет Ректоры Мейрам Бегентаев пен Ғылым және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Проректор Әлібек Шоқпаровпен кездесті.
Сапардың мақсаты – Сәтбаев Университеті мен Венгрия жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастық бағыттарды талқылау. Танысу барысында Әлібек Шоқпаров сәуір айының соңында Мишкольц (Венгрия) университетінде болып, содан алған әсерімен бөлісті.
Достық қарым-қатынас орыс тілінде өтті, келген қонақ өз елінің тарихы мен мәдениеті туралы қызықтап айтып берді және келешектегі екі жақты инновациялық ғылыми әзірлемелер мен студенттер алмасу саласындағы ынтымақтастық туралы өзінің көзқарасымен бөлісті.
Білім беру саласы әрқашан да Қазақстан-Венгрия қарым-қатынасының басым бағыттарының бірі болып келеді. Венгрияның Адам ресурстары министрлігі мен Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі арасында жасалған Білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге сәйкес қазақстандықтар үшін қолжетімді Stipendium Hungaricum шәкіртақылық бағдарламасына қосымша тағы Erasmus академиялық ұтқырлық бағдарламасы жұмыс істейді. Студенттерді осындай бағдарламалар бойынша оқуға жіберу – Сәтбаев Университетінің негізгі басымдықтарының бірі болып табылады.