22 ақпан 2021 3904

Webometrics Әлемдік рейтингі бойынша Сәтбаев Университеті 3000-нан артық позицияға көтерілді

Webometrics Әлемдік рейтингі бойынша Сәтбаев Университеті 3000-нан артық позицияға көтерілді

2021 жылғы Ranking Web of Universities (Webometrics) Әлемдік рейтингісінің нәтижелері жарияланды. Сәтбаев Университеті  3783-орында. 2019 жылдың көрсеткіштерімен салыстырғанда біздің университет 3380 позицияға көтерілген.

Ғаламдық рейтингке Қазақстанның 125 жоғары оқу орны қатысты. Алдыңғы үш орынды дәстүр бойынша көп салалы университеттер алды.

Жалпы қазақстандық рейтинг бойынша Сәтбаев Университеті  4-орында, сәйкесінше, ҚР-ның техникалық ЖОО арасында 1-орында. Бұл өз кезегінде біздің университет Қазақстандағы № 1 техникалық жоғары оқу орны екендігін тағы да дәлелдеп отыр.

Webometrics Ranking of World Universities – әлемдік университеттердің Мадридте орналасқан испаниялық Ұлттық зерттеу кеңесінің (CSIC) Cybermetrics Lab зерттеу тобы жариялайтын ғаламдық академиялық рейтинг.

Рейтингтің мақсаты – ғылыми-зерттеу институттарының Интернетке шығуын арттыру және ғылыми зерттеулердің нәтижелерін ашық жариялауға ықпал ету. Рейтинг 2004 жылдан бастап жүргізіледі және жыл сайын қаңтар мен шілде айларында жаңартылып отырады.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту