Ынтымақтастық үшін себеп көп: Сәтбаев Университеті Wisconsin-Madison университетінің делегациясын қабылдады
Сәтбаев Университетіне Wisconsin-Madison университетінің делегациясы, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы АҚШ Елшілігінің өкілдері, Алматыдағы АҚШ консулдығының және Халықаралық білім беру жөніндегі америкалық кеңестің өкілдері келді. Кездесу барысында екі жақ тараптар екі университет арасындағы ынтымақтастық қарым-қатынасты білім және ғылым саласында компьютерлік ғылымдар, экология және тіл салалары бойынша талқылады.
– Бүгін мұнда өте мейірімді және достық пейілдегі компания жиналғанына мен өте қуаныштымын», – деді кездесуде Сәтбаев Университетінің ректоры Мейрам Бегентаев. – Ал ынтымақтастық қарым-қатынасымыз студенттер үшін, әріптестер мен екі ел үшін жаңа мүмкіндіктер ашатынына қуаныштымын».
Елшіліктің мәдениет жөніндегі қызметкері Колин Гард пен Консулдықтың қоғаммен байланыс жөніндегі қызметкерінің көмекшісі Чад Киннирден басқа, кездесуге университеттердің American Councils for International Education серіктестік бағдарламасының үйлестірушісі Мақсат Қошқарбаев қатысып, Сәтбаев Университетінің American Councils жобаларына қатысатыны туралы айтып берді.
Университеттер кездесуі – таңдаулы қазақстандық және американдық университеттер арасында тығыз ынтымақтастық байланысты ұйымдастыруға бағытталған American Councils for International Education ауқымды бағдарламасының бір бөлігі болып табылады. Бағдарлама аясында American Councils қазақстандық университеттерге жоғары білім менеджменті саласында білім береді және екі елдің университеттері арасындағы серіктестікке қолдау көрсетеді.
Осы ауқымды бағдарлама аясында 2023 жылдың наурыз айында Сәтбаев Университеті персоналды басқару және қаржылық менеджмент саласы бойынша ғылыми жоба әзірлеу үшін American Councils-тен грант алған болатын. Университет мамандары бұл жобаны Мэдисондағы Вашингтон университетінің қаржы және HR бөлімінің басшысы Даниел Лангердің жетекшілігімен жүзеге асырды, ол бизнес және тәуекелдерді басқаруға стратегиялық жетекшілік ету жөніндегі үлкен тәжірибесін командасымен бөлісті.
Жоба американдық сарапшыларға American Councils пен Wisconsin-Madison университеті бірлесіп ұйымдастырған университеттерді басқару және қаржылық менеджмент бойынша семинар барысында ұсынылды. Жобаға қатысушылар American-Councils сертификаттарымен марапатталды.
Wisconsin-Madison университеті – АҚШ –ның Мэдисон қаласында орналасқан мемлекеттік зерттеу университеті, ол Висконсин жеке штат болып құрылғаннан кейін 1848 жылы ашылған және Висконсиннің ресми университеті болып табылады. Университеттердің халықаралық QS рейтингінде ол 102-, ал Times Higher Education 63-орында. Сонымен қатар бұл американдықтарға тілдік бағдарламалар ұсынатын маманданған бірегей тамаша университет, онда қазақ тілін оқыту бағдарламасы да бар. Осы университеттегі Орталық Азия тілдері арасында «Қарқынды қазақ тілі» жазғы бағдарламасы ең танымал тілдік курс болып саналады.
Осылайша, Сәтбаев Университеті мен Wisconsin-Madison Университеті арасындағы ынтымақтастық қарым-қатынас ғылыми жұмыс пен білім беру саласы үшін ғана емес, мәдениетті екі ел өкілдерінің достық қарым-қатынасы үшін де кең мүмкіндіктер ашады.
Таким образом, сотрудничество между Satbayev University и Университетом Wisconsin-Madison открывает не только широкие возможности для научной работы и образования, но и для дружеского общения представителей двух культур.