Запастағы генерал-майор Василий Рысбаев Әскери іс институтының басшысы болып тағайындалды
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің 2020 жылғы 26 наурыздағы №143 Бұйрығы бойынша Василий Несипказиевич Рысбаев Сәтбаев университеті Әскери іс институтының басшысы болып тағайындалды.
Запастағы генерал-майор Рысбаев Василий Несипказиевич – Қазақстан Республикасы жоғары қолбасшылығының өкілі, бұрын «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы. Қызмет барысында КСРО және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде әртүрлі басшылық қызметтер атқарды, оның ішінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әуе әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары және Бас қолбасшысы, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері УГК СВ Бас қару-жарақ басқармасы бастығының орынбасары қызметтерін атқарды. «Педагогикалық білім беру» мамандығы бойынша магистр. «КСРО Қарулы Күштерінде Отанға қызмет еткені үшін» III дәрежелі орденінің кавалері, І және ІІ дәрежелі «Данқ» ордендерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының және шетелдік басқа да марапаттардың иегері.