18 ақпан 2020 3607

Запастағы офицерлерді даярлау бағдарламасы бойынша оқуға байқау басталды

Запастағы офицерлерді даярлау бағдарламасы бойынша оқуға байқау басталды

Сәтбаев университетінің Әскери іс институтында 2020 жылдың 10 ақпанынан бастап  запастағы офицерлерді даярлау бағдарламасы бойынша оқыту үшін студенттер арасында  іріктеу конкурсы негізінде  өтініштер қабылдау жүргізіліп жатыр.

Өтініштерді қабылдау мерзімі – 2020 жылдың 10 ақпанынан басталады.

Өтініштер Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын, жасы 24-тен аспаған, күндізгі оқу бөлімінде оқитын 1-курс (4 жылдық оқытумен) және 2-курс (5 жылдық оқытумен) студенттерінен және колледжді бітіргеннен кейін ЖОО-ның екінші курсына түскен студенттерден қабылданады.

Студенттің өзімен бірге:

  1. Жеке куәлігі (түпнұсқасы және көшірмесі
  2. Тіркеу куәлігі немесе әскери билеті (түпнұсқасы және көшірмесі);
  3. 3х4 өлшемді 2 (екі) фотосуреті;
  4. Соттылықтың болуы немесе болмағандығы жөнінде анықтама;
  5. Спорттық жетістігін растайтын құжат (бар болған жағдайда);
  6. Студенттің ЖОО-да нақты оқитындығы туралы факультет деканы қол қойған анықтама болуы тиіс.

Мекенжайы: Алматы қ, Байтұрсынұлы к-сі, 140 (Тимирязев көшесінің қиылысы).  Сұрақтар бойынша мына байланыс телефондарына хабарласуға болады: +7-(727)-292-24-27, 292-00-87.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту