Жақсыбек Күлекеев Сәтбаев университетіне келді
21 сәуір күні Сәтбаев Университетіне SU Talks жобасы аясында ҚР Білім және ғылым экс-министрі Жақсыбек Құлекеев келіп, университет басшылығымен кездесті және студенттерге «Қазіргі геосаяси жағдайдағы экономикалық дамудың өзекті мәселелері» тақырыбында дәріс оқыды.
Жақсыбек Әбдірахметұлының оқыған дәрісі қазіргі әлемдік жағдайға және әлемдік экономиканың жақын болашақта дамуы мүмкін сценарийлеріне арналды. Әлемдегі шиеленісті саяси жағдайға байланысты қазір жаһандық экономиканың баяулауы байқалуда, өмір сүру дағдарысы орын алуда – осының барлығы әлемдік экономиканың даму перспективаларына және ЕАЭО дамуына кері әсерін тигізуде. Осы жағдайлардың барлығына мұқият қарау және де соған қарамастан мемлекеттің тұрақтылығын қамтамасыз ете білу – бүгінгі күні өте маңызды. Дәріс тыңдаған студенттер осылай деп қорытынды жасады.
Жақсыбек Күлекеев – елімізге еңбегі сіңген білім қайраткері, министр, оның арқасында Қазақстан Болон процесінің бір бөлігі атанды. Мамандығы бойынша математик, ол С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген, бүкіл еңбек жолын шаруашылық мәселелерге арнап, мемлекеттегі жоғары лауазымдарға қол жеткізді. Жақсыбек Күлекеев – жеті кітаптың авторы, қазір Қолданбалы экономиканы зерттеу орталығының ғылыми жетекшісі.
Университет басшылығы Жақсыбек Әбдірахметұлына Сәтбаев Университетінің құрметті профессоры атағын қуана ұсынды. Мәртебелі мейман студенттерге дәріс оқумен қатар, UniHub кітапханасы мен кафесін аралады, VR зертханасында және Тарихи мұражайда болды.