Жаңа бастамалар жылы: Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Берік Уәлимен болған әңгімеде жыл қорытындысы шығарылды
Биылғы жыл еліміз үшін көптеген өзгерістерге толы жыл болды. Мемлекет басшысының бастамасымен елімізде саяси және экономикалық реформалар жүргізілуде. Өздеріңізге белгілі, ол реформалар қазірдің өзінде нәтижесін беріп жатыр.
2023 жылдың қандай оқиғалары тарих шежіресіне жазылады? Президент қандай маңызды шешімдер қабылдады, қандай бастамалар көтерді? Міне, осы сауалдардың барлығын «Kazinform» агенттігі Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Берік Уәлиге қойды.
Сұхбат барысында Президент қызметінің жаһандық мәселелерден бастап, жеке мәселелерге дейінгі барлық саласы қамтылды. 2023 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мынадай маңызды шешімдер қабылдады:
- Үкіметке экономиканың тұрақты өсімін 6-7% деңгейінде қамтамасыз етуді тапсырды;
- 98 заңға, 344 бұйрыққа, 91 қаулыға қол қойды;
- еліміздің 14 аймағына жұмыс сапарымен барды;
- педагогтардың айлық жалақысы 100%-ға көтерілді;
- дәрігерлердің айлық жалақысы 30%-ға, ал орташа медицина қызметкерлерінің жалақысы – 20%-ға өсті;
- елімізге 13,3 млрд доллар шетелден тура инвестиция тартылды;
- ресми сапармен 19 шетелге шықты, шет мемлекеттердің басшыларымен 30 кездесу өткізді.
Әділетті Қазақстан құру жолында маңызды саяси және экономикалық реформалар жүргізілуде. Олар туралы толығырақ ақпаратты Берік Уәлидің сұхбатынан білесіз.