30 желтоқсан 2020 4714

Жаңа жыл құтты болсын!

Жаңа жыл құтты болсын!

Құрметті әріптестер! Қымбатты докторанттар, магистранттар, студенттер!

Сіздерді Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтай отыра, университеттің дамуы мен беделінің артуына қосқан қажырлы еңбектеріңіз бен кәсіби біліктіліктеріңіз үшін, академиялық табыстарыңыз бен шығармашылық шабыттарыңыз үшін сіздерге мол алғысымды білдіремін!

Сіздердің әрқайсыларыңыздың еңбектеріңіздің арқасында өткен жылы Сәтбаев Университеті бірінші рет The Times Higher Education рейтингісіне кірді, QS рейтингі бойынша 20 сатыға көтеріліп, IQAA институционалды аккредитациясын ұзақ мерзімге жеңіп алды.
Аз ғана уақыт ішінде біздің университет қашықтықтан білім беру моделіне көшіп, еліміздегі ең үздік білім беру онлайн-платформаларының бірі – Polytech Online платформасын іске қосты. Сәтбаев Университеті ғалымдарының жетістіктері әртүрлі марапаттармен аталып өтілді.

"Компаниядағы әрбір қызметкер – вектор екенін, ал компанияның алға басуы – жұмыскерлер векторларының жиынтығы" екенін инженерлер жақсы біледі. Біздің ұжымымыздың даму векторы тек қана жоғары бағытталғанын университеттің жетістіктері көрсетіп отыр.

Өтіп бара жатқан 2020 жылдың соңғы күндерінде Сіздерге зор денсаулық, шығармашылық шабыт және даму мен өсуге деген тұрақты сенім тілеймін. Университетімізді қиялымыздағыдай тамаша жоғары оқу орнына айналдыру арманымызға біз тек бірге ғана қол жеткізе аламыз!

Жаңа жыл құтты болсын!

Игі тілекпен,
Сәтбаев Университетінің Ректоры
Искандер Бейсембетов

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту