Жаңа жылда жаңа табыстар әкелсін!
Қадірлі әріптестер! Құрметті студенттер!
Біздің университет үшін мерейлі жыл болған ескі жыл өзінің жаңалықтарымен, іске асырылған жоспарларымен есте қалады. Дәл осы мерейлі жылы университетіміз республикадағы техникалық жоғары оқу орындары арасында өткен IQAA рейтингісі бойынша бірінші орын алып, британдық QS EECA агенттігінің рейтингісі бойынша топ-100 қатарына кіргені біз үшін үлкен абырой. Алдағы жаңа жылда да университетіміз осы бағытынан таймайтын болады деп сенемін.
Әлемдік ғылыми қауымдастық алдында Сәтбаев Университетінің абыройын одан сайын асқақтату жолында бізді алдымызда әлі де талай-талай үлкен жоспарлар күтіп тұр. Сондықтан да келер жыл білім беру сапасын арттыру механизмдерін одан сайын нығайтып, зерттеу университеті моделінің векторына жаңалықтар енгізу жылы болмақ. Біздің стратегиялық мақсатымыз – қазақстандық техникалық жоғары оқу орындары арасындағы алдыңғы қатарды сақтай отырып, ғылым мен жоғары білім беру саласында сыртқы бәсекелестікке қабілеттілікті арттыру болып табылады.
Біздің ортақ мақсаттарымызды жүзеге асыруға әрбіріңіздің қосқан үлестеріңіз бен табандылықтарыңыз үшін Сіздерге мың алғыс! Әрбір ғылыми жоба мен әрбір бастама университетіміздің одан әрі өркендеуі үшін қосылған үлес ретінде өте маңызды болып саналады.
Келе жатқан Жаңа жыл қарсаңында Сіздерге деген ыстық ықыластарымыз бен ізгі тілектерімізді қабыл алыңыздар! Сіздерге зор денсаулық, отбасына аманшылық пен береке-бірлік тілейміз! Әрқайсыңыздың алға қойған арман-мақсаттарыңыз орындала берсін! Жаңа жыл құтты болсын!
Ізгі тілекпен,
Сәтбаев Университетінің Ректоры
Искандер Бейсембетов