Ақпарат:

27 қараша 2018 7884

Жаңартылатын энергия көздері саласына арналған конференция өтті

Жаңартылатын энергия көздері саласына арналған конференция өтті

2018 жылы 20-21 қараша күндері Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде энергетика саласындағы Қазақстан-Германия қарым-қатынастарын дамыту мақсатында «Энергия тиімділігі және жаңартылатын энергия көздері саласындағы қазақ-неміс ынтымақтастығы: тәжірибелері және болашағы» тақырыбында халықаралық конференция өтті.

Конференция нәтижелі бизнес-бағдарламамен жүргізілді.

Конференциядан бір күн бұрын, 2018 жылдың 19 қарашасында Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ жетекшілерімен және Қазақстандағы Конрад Аденауэр қорының директоры Томас Хельмнің, Қазақстанның жаңартылатын энергия көздері қауымдастығының бас директоры Қашкынбеков Арман Қайырберліұлының, Күн энергетикасы қауымдастығының бас директоры Қасымбеков Айдан Қабылтайұлының қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді. Кездесуде жаңартылатын энергия көздері мен энергияны үнемдейтін технологиялар саласында бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, жаңартылатын энергия көздерін дамыту орталығын құру, тәжірибе алмасу, ғылыми жобаларға бірлесе қатысу, студенттер мен оқытушылардың ішкі және сыртқы академиялық ұтқырлығын ұйымдастыру мүмкіндіктері талқыланды. Талқылау нәтижесінде Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою туралы шешім қабылданды.

20 қараша күні Халықаралық конференцияның ашылу салтанаты өтті. Іс-шараға спикер ретінде қатысқандар: ҚР Энергетика министрлігінің ЖЭК департаментінің ЭКСПО бөлімінің басшысы Ербосынов Берік Бақтыбайұлы; «Энергия Әлемі» ЖШС-ң бас директоры Дүкенбаев Кенжемұрат Дүкенбайұлы және ел энергетика секторының басқа да өкілдері  қатысты. Ал Германиядан келген қонақтар: Дрезден Техникалық университетінің ғалымдары Матиас Крамер мен Борис Сейдель, Қазақстандағы Конрад Аденауэр қорының  директоры Томас Хельм конференцияға өз баяндамаларын ұсынды.

Конференция ғылыми қауымдастық үшін, халықаралық ынтымақтастықты дамыту және Қазақстанның әлемдік ғылыми ортаға интеграциялануы үшін бірегей ақпарат алмасу алаңы болды. Конференция шеңберінде энергия тиімділігі және жаңартылатын энергия көздері саласындағы ғылыми зерттеулердің тәжірибелері мен нәтижелері талқыланды, Германияның білім және ғылым министрлігінің қолдауымен шетелден келген жетекші ғалымдар өздерінің ғылыми тәжірибелерімен бөлісті және олардың жұмысының нәтижелері туралы әңгімеленді.

21 қараша күні конференция жас ғалымдардың қатысуымен жалғасты. Сондай-ақ Алматы облысындағы жаңартылатын энергия көздері нысандарына, атап айтқанда, Қапшағай СЭС-і, Қапшағай жел электр станциясы және Есік ГЭС-не экскурсия ұйымдастырылды. Оған Германиядан келген қонақтармен қатар Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-дың магистранттары, докторанттары қатысты.

Конференция қорытындысы бойынша Қазақстанда жарияланатын басылымдар мен халықаралық ғылыми дерекқорларда тезистер жинағын шығару қарастырылды.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту