Ақпарат:

25 қыркүйек 2025 283

Жаппай диктант: Тілдер күні мен Абайдың 180 жылдығы

Жаппай диктант: Тілдер күні мен Абайдың 180 жылдығы

Қазақстан Республикасы Тілдері күніне орай және ұлы ойшыл, қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойы аясында  Жобаларды басқару институты Қазақ және орыс тілдері кафедрасының ұйымдастыруымен “ Жаппай диктант” ұйымдастырылды.  Шараның басты мақсаты – мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, жас ұрпақтың сауаттылығын арттыру, сондай-ақ Абай мұрасын дәріптеу болып табылады. Диктантқа жалпы саны 157адам қатысты. Онда институт басшылары мен оқытушылар, әртүрлімамандықта оқитын студенттер қатысып,өздерінің жазу сауаттылығы мен білім деңгейін сынады.

Бұл көрсеткіш – жас буынның мемлекеттік тілге деген зор қызығушылығының және құрметінің айғағы. Абай Құнанбайұлының тағылымға толы шығармалары мен ұлағатты сөздері өскелең ұрпақ үшін әрқашан өнеге болып қала бермек. Осындай игі шаралар жас ұрпақты ана тілін құрметтеуге, елдік пен бірлікті ұлықтауға шақырады. Диктант қорытындысы жарияланып, үздіктерге диплом мен сыйлықтар тапсырылатын болады.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту