19 мамыр 2022 4907

«Жас Ғалым» жобасы бойынша 2022-2024 жылдарға арналған жас ғалымдардың зерттеулерін гранттық қаржыландыру конкурсына құжаттарды қабылдау ашық

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ғылымды дамытудың басым бағыттары бойынша 2022-2024 жылдарға арналған «Жас ғалым» жобасы бойынша жас ғалым – постдокторанттардың ғылыми зерттеулерін гранттық қаржыландыруға арналған Конкурстық құжаттамаға сәйкес конкурс өткізетіні жөнінде хабарлайды.

Конкурстың мақсаты – жоғары білікті және бәсекеге қабілетті зерттеушілерді қалыптастыру, талантты жастарды ғылымға тарту және бекіту, жас ғалымдардың үлесін арттыру.

Cондай-ақ, назар аударыңыздар, бұл конкурс - жеке зерттеу үшін қарастырылады. Зерттеу тобының басқа мүшелері және/немесе көмекші персонал осы жобаның шеңберінде қарастырылмаған

Іске асыру мерзімі 28 айға 1 (бір) жобаны қаржыландыру 19 млн.теңгеден аспайды, оның ішінде 2022 жылға – 3 млн. теңгеден аспайды; 2023 жылға – 8 млн. теңгеден аспайды; 2024 жылға – 8 млн. теңгеден аспайды.

Өтінімдерді қабылдаудың басталуы – 2022 жылғы 23 мамыр. Өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі - 2022 жылғы 17 маусым (қоса алғанда).

Конкурстық құжаттама және өтінімді рәсімдеу жөнінде сұрақтар бойынша  Ғылым департаменті қызметкерлеріне хабарласуға болады: 616 каб., Мұнай корпусы, ішкі тел.: 7258, 7042.

Конкурстық құжаттама

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту