Жасыл құрылыс жөнінде өтетін семинар-тренингке шақырамыз
2024 жылдың 26 ақпаны – 1 наурызы аралығында Сәтбаев Университетінде «Жасыл құрылыс – маңызды үрдіс және Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты семинар-тренинг өтеді, семинар құрылыс және инженер мамандықтары студенттеріне, девелопер, жобалау ұйымдары мен құрылыс компанияларының мамандарына арналады.
Жасыл құрылыстың мақсаты – ғимараттың бүкіл өмірлік циклі бойына энергия мен материалдық ресурстарды тұтыну деңгейін төмендету болып табылады: атап айтқанда, ғимаратты жобалау, салу, пайдалану, жөндеу үшін жер учаскесін таңдаудан бастап, оны бұзуға дейін.
Бұл мәселе еліміз үшін қазір өте өзекті болып отыр. Қазақстанда ғимараттар секторы қазіргі таңда энергияны көп қолданатын негізгі тұтынушысы болып табылады. Қазақстанның ірі-ірі қалаларында құрылыс компанияларына инженерлік желілерге қосылудың техникалық шарттарына рұқсат алу күннен-күнге қиындай түсуде. Сөйтсе де көміртегі бейтараптығына қол жеткізу туралы стратегия қабылданып, оның жобасына сәйкес, ғимараттар 2060 жылға қарай энергия тұтынуды екі есеге жуық азайтуы тиіс.
Осы орайда Қазақстанда жасыл құрылысты кеңейту жоғарыда аталған қиындықтарды жеңуге көмектеседі.
«Жасыл құрылыс – маңызды үрдіс және Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты семинар-тренинг қатысушыларға мына бағыттар бойынша көмек береді:
- Экологиялық құрылыстың әлемдік заманауи трендтері жөнінде көбірек білуге;
- Құрылыста қоданылатын негізгі жасыл технологиялар туралы жалпы сипаттама алуға;
- Жасыл құрылыстарды сертификаттау жүйелері мен қазақстандық OMIR жасыл құрылыс стандартының талаптары туралы білуге;
- Құрылыс жобаларын «жасылдандыру» үшін маңызды лайфхак жинауға көмектеседі.
Семинар-тренингке қатысушылар оқу кейсін орындап, «Жасыл құрылыс маманы» деген сертификат алады.
Семинар-тренинг аралас форматта өтеді: оффлайн және онлайн.
Күні мен өтетін уақыты: 26 ақпан – 1 наурыз 2024 ж.
Орны: Алматы қаласы, Сәтбаев көшесі, 22, Satbayev University, Мұнай корпусы, Ұ.Сыдықов атындағы коворкинг.
Семинарға онлайн форматта қатысу үшін (Zoom арқылы), алдын ала тіркеліп, трансляцияға сілтеме алыңыз.