Жатақхана мәселесі жөнінде жедел штаб ашылды
Алматыдағы Сәтбаев университетінің базасында қоғам белсенділерінің қатысуымен студенттердің жатақхана мәселелерін шешу үшін құрылған жедел Штаб жұмыс істеп тұр. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Ұлттық арнадағы "Жедел желі" бағдарламасында хабарлады.
Штаб мамандары студенттерді орналастыру үшін тәулік бойы кезекшілік етуде.
Жатақханаға орналасу кезінде грантта оқитын азаматтардың жеңілдетілген санатындағы бірінші курс студенттеріне басымдық беріледі.
Егер сіз студент болсаңыз және жеңілдік санаттарына жатсаңыз және жатақханада орынсыз қалсаңыз, онда штабқа хабарласыңыз, олар сізге міндетті түрде көмектеседі.
Бас кеңсенің мекен-жайы:
Алматы қаласы, Ғабдуллин көшесі, 2 үй.
№2 жатақхана.
Байланыс телефоны: +77786556083