13 желтоқсан 2021 3723

Желтоқсан – тәуелсіздік жолы

26 қараша күні Университетіміздің «Қоғамдық пәндер» кафедрасының ұйымдастыруымен «1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі және азаттық идеясы» атты тақырыпта онлайн жүйесінде дөңгелек үстел болып өтті. Дөңгелек үстелге «Қоғамдық пәндер» кафедрасының ұстаздары мен бірінші курс студенттері қатысты.

Дөңгелек үстелдің қонақтары Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті «Рухани жаңғыру» гуманитарлық зерттеулер орталығының жетекшісі, т.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА академигі Әбжанов Ханкелді Махмұтұлы «Желтоқсан – тәуелсіздік қарлығашы» атты тақырыпта, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы, Желтоқсан көтерілісіне қатысушы Орда Гүлжаһан Жұмабердіқызы  «Желтоқсан – тәуелсіздік бастауы» атты тақырыпта  баяндама жасады.  Олар Желтоқсан көтерілісінің тарихи тағылымы мен жастарды патриоттық рухта тәрбиелеудегі маңызды рөлі туралы әңгімелеп берді. Университетіміздің «Қоғамдық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы, Желтоқсан көтерілісіне қатысушы Қалмұрзаев Ермұхан Серікбайұлы Желтоқсан көтерілісі кезіндегі өз басынан кешкен қиындықтарды баяндаумен қатар, Желтоқсан көтерілісі біздің тәуелсіздігіміздің бастауы болғандығына кеңінен тоқталды.

Дөңгелек үстелде студенттер атынан сөз сөйлеген Автоматтандыру және ақпараттық технологиялар институтының 1-курс студенттері Сыдықанова Жанаргүл «Желтоқсаншы қазақтың батыр қыздары» және Жүсіпахметов Қожагелді «Халық қаһарманы – Қайрат Рысқұлбеков» атты тақырыпта баяндама жасады.

Еліміздің Президенті  Қ.Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында айтылған: «Азаттықтың алғашқы қарлығаштары – Желтоқсан қаһармандарының азаматтық ерлігі лайықты бағасын алып, жоспарлы түрде насихатталуы керек» деген сөзімен профессор Досалы Исаханұлы өз сөзін    қорытындылап, университет  атынан қонақтарға алғыс білдірді. 

«Қоғамдық пәндер» кафедрасының
профессоры Д. Салқынбек   

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту