Ақпарат:

3 қараша 2023 1793

Жемқорлыққа жол жоқ: Сәтбаев Университеті өткен жылғы іс-шараларды талқылауда

Жемқорлыққа жол жоқ: Сәтбаев Университеті өткен жылғы іс-шараларды талқылауда

2 қараша күні Сәтбаев Университетінде өткен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» атты семинар ағымдағы жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізілген іс-шараларға арналды. Семинарды университет ректоры М.Бегентаев ашып, университетте атқарылып жатқан бірқатар өзекті мәселелерге тоқталды және алдағы өткізілетін іс-шараларды айқындап берді.

Семинарға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департамент басшысы А.Рахимов және Коллегия басшысы К.Салимбаев қатысты.

Университеттің сыбайлас жемқорлықпен күрес қызметінің басшысы Әбдіғали Жұманов баяндама жасап, университетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және заңнаманы іске асыру саласындағы жұмысы туралы айтты, әсіресе соңғы 2,5 жылда бұл бағытта белсенді жұмыс жүргізіліп жатқанын баса айтты.

Жемқорлыққа жол жоқ: Сәтбаев Университеті өткен жылғы іс-шараларды талқылауда

Ең алғашқы қадам – комплаенс қызметін ашудан басталып, университеттің осы бағыттағы ережелері, бағыт-бағдарламалары жаңа заңдарға сәйкес өзгертіліп, толықтырылды. Университеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа саясаты бекітіліп, соның негізінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ережесі әзірленді.

2022–2023 оқу жылынан бастап «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет негіздері» тақырыбы «Кәсіпкерлік, көшбасшылық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері» пәніне енгізілді, ал биылғы жаңа оқу жылынан бастап «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері» жалпы білім беретін пәндер цикліне таңдау бойынша дербес пән ретінде енгізілді. Бұл өз кезегінде білім алушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін  қалыптастырып, студенттердің әлеуметтік белсенділігін арттырады. 

2021 жылдан бастап университет өз жұмысын Алматы қаласы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаментімен бірлесе отырып жүргізуде. Сәтбаев Университетінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі жоғары бағаланып, Халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күресу күніне орай университет арнайы Мақтау грамотасымен марапатталды.

Жемқорлыққа жол жоқ: Сәтбаев Университеті өткен жылғы іс-шараларды талқылауда

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту