Жеңіс Сейтаевты «Құрмет» орденімен құттықтаймыз!
Мемлекет басшысының Жарлығымен өндіріске сіңірген ерен еңбегі үшін, сондай-ақ «Теңізшевройл» ЖШС-нің 30 жылдық мерейтойына орай, еңбек ардагері, Сәтбаев Университеті Тәжірибе орталығының директоры Жеңіс Сейтжапарұлы Сейтаев «Құрмет» орденімен марапатталды.
Сейтаев Жеңіс Сейітжапарұлы – мұнай саласының әртүрлі компанияларында түрлі лауазымдарда 40 жылдан астам жұмыс істеген тәжірибелі өндіріс қызметкері. Ол Сәтбаев Университетінің (сол кездегі Қазақ политехникалық институты) мұнай факультетін мұнай кәсіпшілігі жабдықтарын жөндеу және техникалық қызмет көрсету жөніндегі инженер-механик мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын Балықшы Барлау бұрғылау басқармасында бұрғылау қондырғысының жөндеу механигі болып жұмыс істеуден бастады, кейіннен «Теңізмұнай» мұнай-газ өндіру басқармасына ауысып, Теңіз кен орнының құрал-жабдықтарын жалпы техникалық жөндеуден өткізу қызметінің бастығы болды. Көп жылдар бойы жинаған тәжірибесін ТШО-ның күрделі жобаларында толығымен пайдалана отырып, әрі білімін кеңейте отырып, ол еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында сарапшы қызметін атқарды. 2020 жылы Жеңіс Сейтаев өзі оқыған университетіне оралып, жинақтаған тәжірибелік білімін жаңа буын мұнайшы-инженерлермен бөлісіп келеді.
Құрметті Жеңіс Сейтжапарұлы!
Сіздерді осы тамаша жетістікпен тағы да шын жүректен құттықтаймыз! Сіздің тамаша тәжірибеңіз бен еңбекке деген шығармашылық көзқарасыңыз Қазақстан үшін өте құнды және көптеген мәселелер мен қиындықтарды жеңуге көмектеседі. Сіздің ғылыми зерттеулеріңізге және жалпы еңбек жолыңызда жаңа табыстар тілейміз! Еліміз үшін жасалатын игі істеріңіз арта берсін! Сізге мың алғыс!
Ізгі ниетпен,
Сәтбаев Университетінің ұжымы