Ақпарат:

18 наурыз 2017 11171

Жер сілкіну кезіндегі қауіпсіздік және қорғаныс шаралары

Жер сілкіну кезіндегі қауіпсіздік және қорғаныс шаралары

Үстіміздегі жылы 1 наурыз – Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күні мейрамына орай Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188 «Азаматтық қорғаныс туралы» Заңын басшылыққа ала отырып, жер сілкіну кезінде тұрғындардың қауіпсіздігі мен қорғанысын сақтау мақсатында, сондай-ақ «Қ. И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ» КеАҚ-ның ғимараттарында қызмет ететін және білім алып жатқан азаматтардың төтенше жағдайға дайындығының сапасын арттыру мақсатында «Қызметкерлердің жер сілкіну кезіндегі іс-қимылдары» атты сейсмодайындық шаралары өткізілді.

Арнайы дабыл соғылғаннан кейін барлық институт ғимараттарындағы профессор-оқытушылар құрамы мен 1–4-курс студенттері сыртқа шықты. Алдын ала жүргізілген түсіндірме-дайындық жұмыстарына университеттің Қауіпсіздік және құқық қорғау жөніндегі басқарма директоры Макарим Тілесбаев басшылық етті. Қызметшілерді ығы-жығы қылмау үшін, барлық іс-әрекет күнібұрын арнайы әзірленген жоспар бойынша жүрді.

Ал наурыздың 14-і күні «Тұрғындарды, дүние-мүлікті және қоршаған ортаны қорғау» атты семинар өтті, оған оқу орнының көптеген студенттері қатысты. Cеминарда Қазақстанда Азаматтық қорғаныс саласының қалыптасуы мен дамуының тарихы сөз болды, Верный, Спитак, Ленинакан (Армения) қалаларында болған жойқын күшті жер сілкінулер жайында деректі фильмдер көрсетіліп, қатысушыларға ескертулер, ережелер берілді және түсіндіру шаралары жүргізілді.

Университеттің «Жас Отан» жастар қанатымен бірлесе отырып, ҚазҰТЗУ студенттері мен қызметкерлерін төтенше жағдайларда қорғау туралы сейсмикалық оқу-дайындық жұмыстарының сапасын жақсарту мәселелері белсенді түрде талқыланды.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту