«Жетістіктер шыңын бағындыру» тақырыбында тренинг-семинар

2017 жылдың сәуір айының 4 жұлдызында «Жетістіктер шыңын бағындыру» тақырыбында тренинг-семинар өтті. Тренинг-семинар 5В071800 – электр энергетикасы мамандығының студенттері арасында қоғамдық пәндер кафедрасының лекторы Қасымбаева Гүлстанның жетекшілігімен өтті.
Тренинг-семинарда студенттерге жетістіктер шыңын бағындырудағы ұстанымдар, табысты болу көздері, жетістікке жету жолының сыры ашып көрсетілді. Студенттермен бірге «Жетістік дегеніміз не?», «Жетістікке жету жолдары», «Жеткен жетістігіміз» - атты кезеңдер өткізілді. Жаттығу барысында студенттер белсенділік танытып, ұтымды ойларымен бөлісті. Бұл тренингке кафедра оқытушылары – Ермахан Қалмурзаев., Жазира Қуанышбаева. және барша студенттер белсене қатысты. Тренингті ұйымдастырып, өткізуге белсенді атсалысқан студенттер: Уасов Бағдат, Бейсенова Перизат.