5 мамыр 2022 3141

Жобаларды басқару институтының студенттері ерекше күтімді қажет ететін балаларға көмек беруде

Жобаларды басқару институтының студенттері ерекше күтімді қажет ететін балаларға көмек беруде

Сәтбаев Университеті Жобаларды басқару институтының студенттері игі бастама көтеріп, ерекше күтімді қажет ететін балаларға арнап қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Университет қабырғасында өткен «ҚазҰТЗУ көктемі» байқауының жүлдесін ұтып алған студенттер ол қаражатты «Жастар үйі» әлеуметтік мекемелерінің түлектерін бейімдеу және қолдау орталығының тәрбиеленушілері үшін сыйлық алуға жұмсады.

Ерекше күтімді қажет ететін балаларға жарқын және бақытты өмірге деген үміт сыйлай отырып, біз ортақ болашағымызға өз үлесімізді қосамыз. Ал жастарымыз бұл бастаманың маңызды екендігіне сенім білдіріп, оған белсенді түрде қатысқаны бізді қатты қуантады. Осы игілікті істі атқару арқылы біз өмірден өз жолымызды табамыз.

Студенттер Әлеуметтік орталықтың түлектерімен кездесу барысында қызықты ойындар ойнап, іс-шара соңында флешмоб ұйымдастырды.

Cтуденты Института управления проектами помогают особенным детям

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту