Ақпарат:

28 мамыр 2025 477

Жоғары білім саласындағы түркі тілдес мемлекеттер арасындағы ынтымақтастық

Жоғары білім саласындағы түркі тілдес мемлекеттер арасындағы ынтымақтастық

2025 жылдың 21–23 мамыр күндері Түркияның Нийде қаласындағы Нийде Өмер Халисдемир университетінде халықаралық деңгейдегі беделді ғылыми шара – XII. Түркі дүниесі зерттеулері (TUDAS) халықаралық симпозиум өтті. Ауқымды ғылыми жиынға Сәтбаев университетінің Қазақ және орыс тілдері кафедрасының проф. К.Жақсылықова, С. Оданова, қауымд. проф. Ә. Өмірзақова, PhD М. Сатинбекова мен Ә. Әбсаттар, сондай-ақ ҚызПУ-ден қауымд. проф. Л. Ибраймова қатысып баяндама жасады. Баяндамалар проф. С.Оданованың АР 23487324 “Қазақ тілін түркітілдес студенттерге цифрлық технологиялар негізінде транслингвалды аспектіде оқыту” атты жобасы аясында жасалды.

Конференцияның әсерлі бөлімдерінің бірі - Түбі бір түркіміз» атты мәдени фестиваль болды. Бұл шара барысында түркі халықтарының бай рухани мұрасы мен мәдениеті насихатталып, дәстүрлі музыка мен ұлттық би, сахналанған қойылым көрермен назарына ұсынылды. Фестивальге қатысқан қонақтар түркі дүниесінің рухани тамырластықтан бастау алатын бауырмалдығын тағы бір мәрте сезініп, ортақ тарих пен мәдени мұраны дәріптеудің маңыздылығын ерекше атап өтті.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту