19 қыркүйек 2023 1610

«Жоғары оқу орындарындағы кәсіптік-бағдарлы білім беру технологиялары» тақырыбында оқытушыларға арналған курстар басталды

«Жоғары оқу орындарындағы кәсіптік-бағдарлы білім беру технологиялары» тақырыбында оқытушыларға арналған курстар басталды

2023 оқу жылының 18-29 қыркүйек аралығында Тіркеуші Кеңсесінің Оқу-әдістемелік бөлімі мен Корпоративтік клиенттермен жұмыс жөніндегі бөлім бірлесіп Satbayev University-дің жас оқытушылары үшін біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастырады.

Курс бағдарламасы 72 академиялық сағатқа есептелген. 

Бағдарламаның мақсаты: ЖОО-да оқытуды ұйымдастырудың әдістемелік аспектісін талдау; студенттермен жұмыста кәсіптік-бағдарланған оқыту технологияларын қолдану дағдыларын қалыптастыру; инновациялық педагогикалық технологияларға қызығушылықты дамыту.

Курс бағдарламасынан өткеннен кейін оқытушылар:

  • оқытуда қолданылатын заманауи инновациялық педагогикалық әдістер туралы біледі;
  • оқу сабақтарында педагогикалық технологияларды қолдана біледі;
  • педагогикалық қызметтің жеке стилін қалыптастыра алады;
  • студенттердің танымдық қызметін ұйымдастыру тәсілдерін меңгереді;
  • оқу сабақтарын өткізудің әдістемелік негіздерін меңгереді;
  • оқытудың белсенді әдістерін іс жүзінде қолданады;
  • оқытушының коммуникативтік құзыреттілік дағдыларын тиімді пайдаланады.

Курста білім беру технологияларының әдістері мен принциптері қолданылады (дәріс сабақтары, оқу материалдары, бейне дәрістер мен презентациялар, тест тапсырмалары, практикалық сабақтар және т.б.).

Курсты университеттің жоғары білікті оқытушылары жүргізеді:

1) Зыкова Наталья Михайловна – қоғамдық пәндер кафедрасының қауымдастырылған профессоры, психология ғылымдарының кандидаты;

2) Жұмағалиева Айгүл Сәрсенбайқызы – Тіркеуші Кеңсесінің Оқу-әдістемелік бөлімінің бастығы, «Педагогика және психология» педагогика ғылымдарының магистрі, қоғамдық пәндер кафедрасының аға оқытушысы;

3) Есбергенова Гүлнұр Бакитбекқызы – қоғамдық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, әлеуметтік ғылымдар магистрі

Бағдарламаны сәтті аяқтаған курс оқытушыларына біліктілікті арттыру туралы сертификаттар беріледі.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту