Ақпарат:

5 мамыр 2023 4344

Жұмыла көтерген жүк жеңіл: Сәтбаев Университеті қолжетімді орта қалыптастыру жөніндегі бағдарламаны іске асыруда

Жұмыла көтерген жүк жеңіл: Сәтбаев Университеті қолжетімді орта қалыптастыру жөніндегі бағдарламаны іске асыруда

Сәтбаев университеті өз базасында инклюзивті білім беруді дамыта отырып, жоғары білім беру жүйесін өзгерту үдерісін жалғастырып келеді. Осы орайда осы үдерістің бір кезеңі ретінде 5 мамыр күні университетте жоғары оқу орындарында қолжетімді ортаны құруға арналған іс-шара өтті. Соның аясында Қазақстанда тұңғыш рет инклюзивті білім беру орталығы ашылды, «TOM: Алматы» әлеуметтік майкатоны іске қосылды және ерекше қажеттіліктері бар адамдарға сапалы білім беру мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтті.

Сәтбаев Университетінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Ғылым және жоғары білім министрінің штаттан тыс кеңесшісі Таңсәуле Серіковтың бастамасымен университет ректоры Мейрам Бегентаевтың және Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен Инклюзивті білім беру орталығы ашылды.

Жұмыла көтерген жүк жеңіл: Сәтбаев Университеті қолжетімді орта қалыптастыру жөніндегі бағдарламаны іске асыруда

Жұмыла көтерген жүк жеңіл: Сәтбаев Университеті қолжетімді орта қалыптастыру жөніндегі бағдарламаны іске асыруда

Орталықтың мақсаты – есту және көру қабілеті төмен студенттердің, сондай-ақ тірек-қимыл аппараты жағынан аурулары бар және басқа да ерекше қажеттіліктері бар студенттердің толыққанды білім алуына жағдай жасау. Бұл мүмкіндігі шектеулі жандарды оқытудағы проблемаларды шешуге және Сәтбаев Университетінің осындай жандардың әлеуметтік жағдайына қарамастан жоғары білікті маман болып шығуын қамтамасыз ету жөніндегі жаһандық мақсатына қол жеткізуге көмектесетін, елімізде теңдесі жоқ осындай бірінші орталық.

Жұмыла көтерген жүк жеңіл: Сәтбаев Университеті қолжетімді орта қалыптастыру жөніндегі бағдарламаны іске асыруда

– Сапалы өмір салтын қалыптастыру үшін, адам алдымен сапалы білім алуы керек, – деді Таңсәуле Серіков орталықтың ашылуында, – Жоғары білімді қолжетімді ету үшін біз Сәтбаев Университетін таңдадық, себебі бұл Ұлттық университет, цифрландыруды бастаушылардың бірі. Оның үстіне бұл техникалық университет. Техникалық ғылымдарды қолжетімді етіп алсақ, гуманитарлық ғылымдарды қолжетімді ету оңайырақ болады.

Сәтбаев Университетінің алдағы жұмыс жоспарында орталықтың жұмысы мен барлық мүдделі тараптарға кеңес беру ғана емес, сонымен қатар Алматы қаласының әкімшілігімен бірлесе отырып, орта мектептердің қызметіне ерте араласу саясатын енгізу және мектептер мен университеттер үшін инклюзивті білім берудің онлайн платформасын құру жөніндегі жобаны да жоспарлап отыр.

Жұмыла көтерген жүк жеңіл: Сәтбаев Университеті қолжетімді орта қалыптастыру жөніндегі бағдарламаны іске асыруда

Жұмыла көтерген жүк жеңіл: Сәтбаев Университеті қолжетімді орта қалыптастыру жөніндегі бағдарламаны іске асыруда

Сәтбаев Университетінің студенттері болып жатқан оқиғалардан қалыс қалмайды. Аталмыш орталық ашылғаннан кейін, Сәтбаев Университеті Тель-Авив университетінің достар қауымдастығымен бірлесіп «Tikkun Olam Makers: Almaty» әлеуметтік мейкатонын іске қосты, оның бағдарламасы мүмкіндігі шектеулі жандардың мәселелерін шешуге бағытталған.

Tikkun Olam Makers – мүмкіндігі шектеулі жандар мен өнертапқыштарды біріктіретін жаһандық бастама, олар ұтқырлық пен ақпарат алмасу мәселелерін шешеді. Бір ай ішінде Алматы қаласы мен Алматы облысынан келген жеті команда нақты адамдардың әртүрлі мәселелерін шешумен айналысады. Мейкатонның алғашқы күні командалар мүгедектермен кездесіп, олардың мұң-мұқтажын талқылады. Кездесудің соңында командалар өз ойларын ортаға салып, идеяларымен таныстырды. Маусым айында үздік идеяларды жүзеге асыру үшін, 72 сағаттық марафон өтеді.

Жұмыла көтерген жүк жеңіл: Сәтбаев Университеті қолжетімді орта қалыптастыру жөніндегі бағдарламаны іске асыруда

Іс-шара соңында дөңгелек үстел өтті, оған қатысушылар Сәтбаев Университетінде және бүкіл Қазақстан аумағында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инклюзивті білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру бойынша алдағы жұмыстардың жоспарын белгіледі.

Қатысушылардың пікірінше, бұл жұмысты үнемі және жүйелі түрде жүргізіп отыру керек, қоғамның санасын жастайынан бастап өзгерту маңызды. Қолда бар барлық әзірлемелерді кеңінен пайдалану, ең бастысы алға қойылған бастамаларды қолдау – Қазақстанның алға қарай қадам басуына және білім алу жүйесін республика халқының бәріне бірдей қолжетімді етуге көмектеседі.

Жұмыла көтерген жүк жеңіл: Сәтбаев Университеті қолжетімді орта қалыптастыру жөніндегі бағдарламаны іске асыруда

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту