Ақпарат:

18 наурыз 2020 8275

Жұмыс тәртібі және сессияның өтетін уақыты туралы Ректордың үндеуі

Жұмыс тәртібі және сессияның өтетін уақыты туралы Ректордың үндеуі
Ректор Satbayev University Искандер Бейсембетов

Құрметті студенттер мен қызметкерлер!

Сіздерге ендігі белгілі болғандай, университетте екі түрлі оқу әдісі енгізілді: қашықтықта отырып күндізгі оқу әдісі және қашықтықта өз бетінше оқу әдісі, бұл толығымен үйде отырып оқуды қарастырады. Осы екі оқу әдісінің бірін таңдау құқығы студенттің тұрғылықты жерінің жағдайына байланысты өз еркіне берілді. Оның үстіне Қазақстан Республикасының территориясында 16 наурыздан бастап төтенше жағдай режимін енгізуге және Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында 19 наурыздан бастап карантин енгізуге байланысты Сәтбаев Университеті коронавирус індеті таралуының алдын алу үшін жаңадан іс-шараларды  енгізіп отыр.

1.  Қашықтықта отырып күндізгі оқу әдісі кезіндегі семинарлар мен практикалық сабақтар барысында оқытушылар мен студенттер жеке тазалық ережелерін қатаң түрде сақтауы тиіс, яғни беттеріне бетперде тағуы, қолдарын қайта-қайта жуып, антисептикпен тазалауы, қол алысып амандасуды тоқтатуы, бір-бірінен 1 метр жерде қашықта отырулары тиіс. Үзіліс кезінде барлық бөлмелердің ауасы тазаланып, санитарлық тазаланудан өтетін болады. 

2. Оқытушылар көп жағдайда ІТ ресурстарды пайдаланып, Polytech Online және Microsoft Teams базасына ауысулары тиіс. 

3. Қашықтықта өз бетінше оқу режимінде жүрген студенттер үшін көктемгі сессия тапсыру мерзімі 2020 жылғы 3 тамыздан 22 тамыз аралығына ауыстырылды.     

4. Осы екі түрлі оқу режимі үшін де қағаз қолдану әдісі мүлде тоқтатылады – барлық тапсырмалар Polytech Online сервисінің көмегімен тек қана электронды түрде қабылданады.              

5. Сәтбаев Университетінің студенті немесе қызметкері емес тұлғаларға университетке кіруге тыйым салынады. Ал қашықтықтан жұмыс істеуге көшпеген қызметкерлердің жұмыс уақыты сағат 10:00-ден 16:00-ге дейін қысқартылды.

6. Инфрақұрылымды басқару департаментінің қызметкерлері мен кітапхананың компьютерлік залы қалыпты режимде жұмыс жасайды (8:30-дан 17:30-ға дейін жұмыс күндері және 9:30-дан 16:30-ға дейін сенбі күні).

7. Университеттің қол қоюды қажет ететін есептік құжаттарынан басқа барлық корреспонденциясы электрондық форматқа ауысады.

8. Біздің барлығымыздың қауіпсіздігіміз бен амандығымыз әрқайсымыздың тазалығымызға байланысты екенін ұмытпаңыздар.

Сондықтан да ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ұсынған іс-шаралар мен тазалық ережелерін университеттен тыс жерлерде де қатаң сақтаңыздар: 

  • беті-қолдарыңызды әлсін-әлсін сабындап, жуып отырыңыздар;
  • қолға арналған спирттік антисептиктерді қолданыңыздар;
  • адамдар көп жиналатын жерлерге бармаңыздар;
  • бөлменің ауасын жиі тазартып тұрыңыздар;
  • қандай да бір суық тиген аурудың белгісі болса (дене қызуы көтеріліп, мұрын бітелсе, жөтел пайда болып, тамағыңыз ауырса), дереу түрде үйге жедел жәрдем шақыртыңыз;
  • кез - келген сұраққа жауап алу үшін 1406 номері бойынша байланыс орталығына хабарласыңыз.

Сіздерге зор денсаулық, жұмыс пен оқуда сәттілік тілеймін!

Игі тілекпен,
Сәтбаев Университетінің Ректоры
Искандер Бейсембетов

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту