18 желтоқсан 2019 8773

Зинеш Әбішеваны «Құрмет» орденін алуымен құттықтаймыз!

Зинеш Әбішеваны «Құрмет» орденін алуымен құттықтаймыз!

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Сәтбаев университетінің профессоры Зинеш Садыровна Әбішева «Құрмет» орденімен марапатталды!

Әбішева Зинеш Садыровна – Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген белгілі ғалым, академик, 500-ден астам ғылыми еңбек пен өнертабыстардың авторы. Қазіргі таңда ғылыми және оқытушылық қызметпен белсенді түрде айналысуда, еліміздің жоғары білім беру және техникалық мәселелерін шешуге атсалысады.

«Құрмет» ордені — Қазақстан Республикасында Құрметті рыцарь ордені болып саналады. Еліміздің экономикасы мен әлеуметтік саласының, ғылым мен мәдениеттің, білім беру саласының дамуына зор үлес қосқан және мемлекеттік органдарда мінсіз қызмет атқарып, қоғамдық өмірге белсене араласқан азаматтар «Құрмет» орденімен марапатталады.

Қадірлі Зинеш Садыровна! Мемлекет тарапынан жоғары құрметке бөленіп, «Құрмет» орденінің иегері атануыңызбен Сізді шын жүректен құттықтаймыз! «Құрмет» ордені – Сіздің өмір бойы айналысып келе жатқан адал еңбегіңіз бен Отанымыздың көркеюіне қосқан мол үлесіңіздің жемісі. Сізге зор денсаулық, ұзақ өмір және тамаша табыс тілейміз!  

Зинеш Әбішеваны «Құрмет» орденін алуымен құттықтаймыз!  Зинеш Әбішеваны «Құрмет» орденін алуымен құттықтаймыз!

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту