Темір жол көлігі
баға
-
Мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу үшін өтінішті қалай толтыру керек?
1. Өтініш бермей тұрып, Сәтбаев университетінің өзіңізге ұнаған білім беру бағдарламасының біреуін таңдап алыңыз; әрине, ол бағдарлама сіз ҰБТ кезінде тапсырған бейінді пәндерге сәйкес келуі керек.
2. Білім беру бағдарламалары тобынан өзіңіз таңдаған бағдарламаның код номерін жазып алыңыз (кестедегі «Білім беру бағдарламаларының тобы» деген бағанда).
3. Грант алу үшін толтырылған өтінішке осы топтың код номері мен Сәтбаев университетінің код номерін жазыңыз (Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті): 029.
Білім беру бағдарламалары тобы |
Кешенді тест элементтері |
|
М104 Көлік, көліктік техника және технология |
Машина бөлшектері |
Көлік техникасының электр станциялары |
Теміржолдық жылжымалы құрамды жобалау, пайдалану, техникалық қызмет көрсету және жөндеу саласында сұранысқа ие мамандарды даярлайды. Түлектер 1,5 жыл оқу кезінде «Техникалық ғылымдар және технологиялар магистрі» немесе 2 жыл оқу кезінде «Техникалық ғылымдар магистрі» академиялық дәрежесін алып шығады.
Студенттер жүйелік талдау, математикалық статистика және модельдеу әдістерін, сонымен қатар халықаралық сапа стандарттары негізінде өмірлік циклдің өзіндік құнын төмендету, ресурс пен энергияны үнемдеу тұжырымдамасын пайдалана отырып, жылжымалы құрам құрылымдарын жобалаудың инновациялық технологияларын оқып шығады.
Сондай-ақ студенттер стратегиялық және басқарушылық тұрғыда нақты шешімдер қабылдауды, жылжымалы құрамды тиімді пайдалану мақсатында оның қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету, конструкциялық, техникалық және пайдалану параметрлерін оңтайландыру мәселелерін шешуді үйренеді.
Магистранттар Қазақстанның ірі-ірі жетекші компанияларында, атап айтқанда, «Қамқор-Вагон», «Қамқор-Локомотив», «Конструкторлық-тәжірибелік орталық», «ҚТЖ» компаниясының әртүрлі бөлімшелерінде практикадан және тағылымдамадан өтеді.
Түлектер жылжымалы құрамды пайдалану, техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі инженерлер, темір жол көлігін ұйымдастыру бөлімшелерінің бастықтары, темір жол көлігіндегі қозғалыс қауіпсіздігі қызметінің бастықтары лауазымдарын атқарады, жылжымалы құрамды пайдалану, техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі өндірістік процестерді заманауи диагностикалық әдістерді қолдана отырып, жылжымалы құрамның сенімділік көрсеткіштерін болжау негізінде ұйымдастырады.