1 Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні!
Құрметті әріптестер!
Сіздерді 1 Мамыр мерекесі – Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймын!
Қазақстан – көпұлтты мемлекет, мұнда 150 шақты ұлттың өкілдері тұрады. Олардың әрқайсысы өз алдына ерекше ұлт болып саналады, сондықтан да біздің елде бірнеше ұлттың салт-дәстүрлері сақталып, қазіргі жаһандану заманында халқымыздың тұтастығын толықтай сақтауға да септігін тигізіп келеді.
Құрметті әріптестер! Сіздердің әрқайсыңыздың игі бастамаларыңыз бен ашқан ғылыми жаңалықтарыңыз Қазақстанның үздіксіз дамуына қосқан сүбелі үлестеріңіз болып табылады. Ал мемлекетіміздің әр саласында орын алып отырған көлемді жаңарулар жаңа табыстар мен жетістіктерге қол жеткізу жолында халқымыз бірлігінің нығаюы мен тұрақты дамуымыздың кепілі болады деп сенемін!
Сіздерге зор денсаулық, аманшылық және мол табыс тілеймін!
Илі тілекпен,
Сәтбаев университетінің
ректоры Е. Бейсембетов