Ақпарат:

7 қараша 2019 7291

Ағылшын тілінен университетішілік студенттік олимпиада 2019

Ағылшын тілінен университетішілік студенттік олимпиада 2019

2019 жылы 20, 23 қараша күндері әл-Машани атындағы Базалық білім беру институтының ағылшын тілі кафедрасы 1-4 курс студенттері арасында ағылшын тілінен олимпиада өткізеді.

Олимпиадаға қатысу үшін 2019 жылдың 17 қарашасына дейін өтініш беру қажет. Өтініш құжатында студенттер келесі мәліметті жазуы керек: толық аты-жөні, курс, мамандық, байланыс телефоны, e-mail.

Өтінішті толтыру

 

Олимпиаданы өткізу уақыты: I кезең – 20 қараша 2019 ж., II кезең – 23 қараша 2019 ж.

Өтетін орны: Satbayev University, Сәтбаев көшесі 22а, Бас оқу ғимараты, 601/606-ауд.

Байланыс үшін: БОҒ, ағылшын тілі кафедрасы, 604/825-бөлме.
Е-mail: duyseeval@mail.ru zhanara_84@mail.ru
Байланыс телефондары: 87013965569, 87011206816.

Олимпиаданы өткізу тәртібі:

  1. Олимпиада жұмыстарын бағалау Олимпиаданың әдістемелік комиссиясы бекіткен бағалау критериясымен жүзеге асырылады.
  2. Олимпиаданың I кезеңі тапсырмалары төмендегі дағдыларды тексереді:

Дағдылар

Тапсырма түрі

Орындау уақыты

Тыңдау

4 бөлім (40 сұрақ)

30 минут

Оқу

3 мәтін (40 сұрақ)

60 минут

Жазу

Эссе (250 сөз)

40 минут

  1. Олимпиаданың II кезеңі сөйлеу дағдыларын тексеруге бағытталған 3 бөлімнен тұрады, ұзақтығы 11–14 минут.

Олимпиада жеңімпазы II кезең қорытындысы бойынша анықталады. Олимпиада жеңімпаздары дипломдармен және сыйлықтармен марапатталады.

Бұл материал Satbayev University-дің БҰҰ Тұрақты даму мақсаттарына (UN 2030 Agenda for Sustainable Development) қосқан үлесі аясында дайындалды:
Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту