Ақпарат:

3 қазан 2024 3221

Әскери іс институты запастағы офицерлер мен сержанттарды даярлау бағдарламасына өтініш қабылдауды бастады

Әскери іс институты запастағы офицерлер мен сержанттарды даярлау бағдарламасына өтініш қабылдауды бастады

Әскери іс институты запастағы офицерлер мен сержанттарды оқыту бағдарламалары бойынша конкурстық іріктеуге қатысу үшін өтініш қабылдауды 2024 жылғы 3 қазан күні бастады.

Қабылдау комиссиясының жұмыс уақыты: күн сайын 9.00-ден 16.30-ға дейін. Сенбі және жексенбі – демалыс күндері. Түскі үзіліс – 12.30-дан 13.30-ға дейін.

Қабылдау комиссиясының мекенжайы: Алматы қ., Байтұрсынов көш., 140 (Тимирязев көшесінің қиылысы).

Кезекшілер телефондары: 8 (727) 292-00-87, 292-24-27, 292-64-53.

Конкурсқа ҚазҰТЗУ, ҚБТУ, АЭжБУ, ХИТУ, АТУ, ЕТУ, КИМЭП, «ТҰРАН» университеттерінің Қазақстан Республикасының азаматтығы бар және осы конкурс өткізілетін жылы жасы 24-тен аспаған студенттері өтініш беріп, қатыса алады. Ал қыздар тек запастағы офицерлерді даярлау бағдарламасы бойынша оқиды.

Запастағы сержанттарды даярлау бағдарламасы:

  • Оқу мерзімі – 1 жыл.
  • 1 және 2-курста (4 жылдық оқу бағдарламасы бойынша), 1, 2 және 3-курста (5 жылдық оқу бағдарламасы бойынша) оқитын студенттер қатыса алады.

Запастағы офицерлер даярлау бағдарламасы:

  • Оқу мерзімі – 2 жыл.
  • 2-курста (4 жылдық оқу бағдарламасы бойынша), 2 және 3-курста (5 жылдық оқу бағдарламасы бойынша) оқитын студенттер қатыса алады.

Конкурстық іріктеу төрт кезеңде өтеді:

1 кезең – медициналық куәландыру, медициналық куәландыру картасын тапсыру мерзімі – 2024 жылғы 11 қазанға дейін.

Медициналық тексеруден өту үшін қабылдау комиссиясына келіп, өтініш беріп, қажетті құжаттар пакетін өткізу керек, сөйтіп медициналық карта алып, медициналық тексеруден өтуге жолдама алу керек.

Қажетті құжаттар:

  1. Жеке куәлік (түпнұсқа және көшірмесі);
  2. 3х4 көлемді2 (екі) фотосурет;
  3. Студенттің университетте оқитыны туралы анықтама, онда факультет пен мамандық көрсетілуі тиіс.

Медициналық куәландыру картасын алу үшін тұрғылықты жері бойынша әскери есепте тұрған Қорғаныс істері жөніндегі департаментте тексерістен өту қажет (сырттан келген студенттер уақытша тіркеуде тұрған орны бойынша әскери есепке тұруы керек). Қабылдау комиссиясына толтырылған медициналық куәландыру карталарын тапсырған студенттер конкурстық іріктеудің келесі кезеңіне жіберіледі.

Конкурстық іріктеудің 2, 3 және 4-кезеңі 2024 жылғы 14–30 қазан аралығында Әскери іс институтының Ақпараттар тақтасында және Сәтбаев Университетінің ресми сайтында 11 қазан күні орналастырылатын кесте бойынша өткізіледі.

  • 2-кезең – кәсіби-психологиялық тест тапсыру.
  • 3-кезең – физикалық дайындығын тексеру.
  • 4-кезең – рейтинг балл есебіне сәйкес жүргізілетін конкурстық іріктеу.

Конкурстың әрбір кезеңіне тек бір рет қана қатысуға болады.

 

Дене шынықтырудан студент жігіттерге арналған нормативтер

 

№ п/п

Бақылау жаттығулары

Бағасы

«5»

«4»

«3»

1.

100 метрге жүгіру (с)

14,2

14,5

15,0

2.

3000 метрге жүгіру (мин)

13,00

15,00

16,00

3.

Биік штангаларға тартылу (саны)

12

10

9

 

Дене шынықтырудан студент қыздарға арналған нормативтер

 

№ п/п

Бақылау жаттығулары

Оценка

«5»

«4»

«3»

1.

100 метрге жүгіру (с)

16,0

16,5

17,0

2.

2000 м етрге жүгіру (мин)

10,00

11,3

12,2

3.

Арқаға жатып, екі қолды бастың астында ұстап, кеудені жоғары көтеру (саны)

25

20

15

 

Әскери іс институтында оқу құны

ҚБТУ, АЭжБУ, ҚазИТУ, АТУ, ЕТУ, КИМЭП, «ТҰРАН» университеттерінің студенттерін және ҚазҰТЗУ-да ақылы негізде оқитын студенттерді запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша, сондай-ақ барлық студенттерді запастағы сержанттарды даярлау бағдарламасы бойынша оқыту тек ақылы негізде ғана жүзеге асырылады.

Запастағы офицерлерді даярлау бағдарламасы бойынша ҚазҰТЗУ-дың (грантқа түсе алмаған) студенттері үшін, сондай-ақ студенттерді запастағы сержанттарды даярлау бағдарламасы бойынша оқыту ақылы негізде жүзеге асырылады. Оқу ақысы жылына 395 000 (үш жүз тоқсан бес мың) теңгені құрайды.

ҚБТУ, АЭжБУ, ҚазИТУ, АТУ, ЕТУ, КИМЭП университеті, «ТҰРАН» университеті студенттерін запастағы офицерлерді даярлау бағдарламасы бойынша, сондай-ақ барлық студенттерді запастағы сержанттарды даярлау бағдарламасы бойынша оқыту тек ақылы негізде жүзеге асырылады. Оқу ақысы жылына 415 000 (төрт жүз он бес мың ) теңгені құрайды.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту