Ақпарат:

6 ақпан 2020 5061

Енді алматылықтар төтенше жағдай туралы бірден біле алады

Енді алматылықтар төтенше жағдай туралы бірден біле алады

Жоба Smart Almaty концепциясын іске асыру аясында Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті мен Алматы қаласының Даму орталығы және қазақстандық әзірлеуші-компания «I2NIK» ЖШС-і арқылы жүзеге асырылған.

Мобильді қосымшаны ОС Android және IOS базасында смартфондар мен планшет иеленушілері мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде жүктей алады.

«Darmen» қосымшасын өңдеу үшін Жапония мен АҚШ-тың ұялы қосымшалар арқылы халықты  хабарлау тәжірибесі қолданылды. Бұл ретте біздің қосымша бірнеше секундтың ішінде Алматы қаласының маңайында орын алған төтенше жағдайлардың (дауылды ескерту, жер сілкіну және т.б.) туындау қаупі мен пайда болуы туралы халықты хабардар етуге мүмкіндік береді.

Қаланың ТЖД-і «Қазгидромет» және Сейсмологиялық эксперименттік-әдістемелік экспедиция қызметтерінен жедел деректерді алғаннан кейін хабарландырулар жасайды. Ары қарай Төтенше жағдайлар департаментінің жедел кезекші деректерін жүйеге енгізіп, push қосымшасын қолданатын желі пайдаланушыларына тез арада хабарландыру арқылы жібереді.

Ұялы қосымшалар сынақтан өтілді және алдында қолданылған SMS-хабарламамен салыстырғанда хабарландыруларды тез жеткізу бойынша жоғары тиімділікті көрсетті.

Аталған қосымшаны App Store және PIay Market мобильді телефондар қосымшасы бар дүкендерден «Darmen» деген атпен жүктеуге болады.

 

Алматы қаласы ТЖД
Бостандық ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту