Ақпарат:

1 сәуір 2024 4004

Қазақстан мен Ресей университеттері ректорларының «Жоғары білім мен ғылымдағы өзекті үрдістер» атты екінші форумы өтті

Қазақстан мен Ресей университеттері ректорларының «Жоғары білім мен ғылымдағы өзекті үрдістер» атты екінші форумы өтті

2024 жылғы 28–29 наурыз күндері Алматы қаласында Қазақстан мен Ресей университеттері ректорларының екінші форумы басталды, оның басты тақырыбы – «Жоғары білім мен ғылымдағы өзекті үрдістер». Сәтбаев Университеті мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ базасында өтіп жатқан форумға екі елдің жетекші мамандары мен жоғары оқу орындарының басшылары жиналып, екі ел арасындағы ынтымақтастықты жоғары деңгейде дамыту бағдарламасын әзірледі.

Форумның бірінші күні Сәтбаев Университетінде Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның Білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық жөніндегі кіші комиссиясының 4-ші отырысы өтті. Отырысты Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов пен Ресей Федерациясы Ғылым және жоғары білім министрінің орынбасары Константин Могилевский жүргізді. Қатысушылар бұрыннан келе жатқан екі серіктес арасындағы жұмыс сенім негізінде белсенді әрі табысты түрде жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Қазақстан мен Ресей университеттері ректорларының «Жоғары білім мен ғылымдағы өзекті үрдістер» атты екінші форумы өтті

Түстен кейін ресейлік делегация оңтүстік астананың білім беру мүмкіндіктерімен танысу үшін, Алматыдағы Нархоз, ҚБТУ және басқа да жоғары оқу орындарын аралады.

Форумның екінші күні университетте «Жоғары білім беруді цифрландыру: трендтер мен жүзеге асыру стратегиялары» тақырыбында панельдік пікірталас өтті, оған Сәтбаев Университетінің академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Раиса Өскенбаева модераторлық етті. Педагогика кадрларын даярлау, ынтымақтастық қарым-қатынас перспективалары мен білім және ғылым саласындағы жаңа трендтерге арналған басқа да панельдік пікірталастар Алматының бірнеше университеттерінде, атап айтқанда, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да және Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде және басқа да жоғары оқу орындарында өтті.

Университет ректорларының форумы – Қазақстан мен Ресей арасында ғылыми және білім беру жөніндегі ынтымақтастық қарым-қатынасты дамытуға ықпал ететін маңызды шара болып табылады, әрі форумның барлық қатысушыларына екі елде білім мен ғылыми зерттеулердің сапасын арттыруға бағытталған жаңа бастамалар мен жобаларды бастауға көмектеседі.

Қазақстан мен Ресей университеттері ректорларының «Жоғары білім мен ғылымдағы өзекті үрдістер» атты екінші форумы өтті

Қазақстан мен Ресей университеттері ректорларының «Жоғары білім мен ғылымдағы өзекті үрдістер» атты екінші форумы өтті

Қазақстан мен Ресей университеттері ректорларының «Жоғары білім мен ғылымдағы өзекті үрдістер» атты екінші форумы өтті

Қазақстан мен Ресей университеттері ректорларының «Жоғары білім мен ғылымдағы өзекті үрдістер» атты екінші форумы өтті

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту