Ақпарат:

14 шілде 2017 11038

ҚазҰТЗУ сәулет институтының студенттері Польшаға оқуға барады

ҚазҰТЗУ сәулет институтының студенттері Польшаға оқуға барады

25 – 29 маусымда халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор, профессор Ринат Искаков және Сәулет және құрылыс институтының деканы, профессор Болат Куспангалиев Белостоктағы Техникалық университетке барып қайтты. Кездесудің тақырыбы магистранттар мен докторанттарға арналған қос дипломды білім беру бағдарламасы мен тағылымдама болды.  

Белосток техникалық университеті – 65 жылдық тарихы бар, солтүстік-шығыс Польшаның аса ірі техникалық ЖОО. Бұл - Варшавадан 188 шақырым жерде орналасқан  көне студенттер қаласының орталығындағы әйгілі оқу орны. Оқыту ағылшын тілінде, ал сәулет факультетінің бағдарламалары орыс тілінде жүргізіледі.

Қазақстан делегациясы Inno-Eko-Tech зертханасының Орталығына, «Қоршаған орта құрылысы мен инженериясы» және «Электр» факультеттеріне барды, сондай-ақ «Сәулет» университетінің және факультетінің басшылығымен кездесті. Қонақтар мамандарды даярлау жүйесімен және қолда бар зертхана базасымен жете танысты.

Талқылау барысында Қ.И.Сәтпаев атындағы ҚазҰТЗУ Сәулет және құрылыс институты (СжҚИ) және Белосток техникалық университетінің (BUT) «Сәулет» және «Құрылыс» факультеттері арасында магистранттармен және докторанттармен PhD өзара алмасуды тереңдету келісіміне қол жеткізілді.

Ынтымақтастықтың болашағы зор бағыттарының бірі – халықаралық зерттеулер ұйымдастыру, осы салада ақпарат алмасу және «айналы» зертхана жасау. Бұл бастама университеттердің бұрыннан келе жатқан серіктестік қарым-қатынастарын тереңдетеді, бұл мекемелердің ынтымақтастық туралы келісімі 2008 жылдан бастап әрекет етіп келеді.
Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту